• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ЖАҢА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КОДЕКС МАҢҒЫСТАУ ЖҰРТШЫЛЫҒЫНА ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Бүгін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Маңғыстаулықтарға жақында қабылданған экологиялық кодексті таныстырып, түсіндіру үшін арнайы келді. Отырысқа Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов және өңірдің ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының басшылары, экология саласындағы сарапшылар және қоғам белсенділер қатысты.
Жиында сөз алған облыс әкімі С.Трұмов «Биыл қабылданған жаңа экологиялық кодекс, негізгі және қажетті құжаттардың бірі болып табылады, оның ішінде өнеркәсібі дамыған Маңғыстау облысы үшін маңыздылығы жоғары. Сондықтан, онда көрсетілген талаптарды іске асыру табиғат пайдаланушылар мен жалпы жұртшылық үшін негізгі вектор болып табылады", - деді.
Өңірдегі экобелсенділер мен қоғам қайраткерлері маңызды құжаттың биоалуантүрлілікке келетін зиянды азайтуға бағытталғанын ерекше атап өтті. Өнеркәсіп кәсіпорындары жаңа заңнама бойынша қоршаған ортаған шығарындыларды азайтуға бағытталған жұмысқа белсене кірісуге дайын екендерін жеткізді.

Министр Мағзұм Мырзағалиев Экологиялық кодекс экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің тәжірибесін ескере отырып, халықаралық тәжірибе негізінде әзірленгенін айтты.

«Экологиялық кодекстің маңыздылығы – оның адам өмірі мен денсаулығы, қолайлы өмір сүру ортасын қамтамасыз ету, ірі және шағын бизнестің қызметін, олардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметін реттеу сияқты бүкіл қоғамның мүдделеріне әсер ететіндігінде. Кодекс Қазақстандағы, сондай-ақ Маңғыстау облысындағы экологиялық жағдайды жақсартудың негізгі құралына айналады.», - деді министр.


Вице-министр Ахметжан Пірімқұлов Кодекстің негізгі бағыттары ретінде «ластаушы төлейді және түзетеді» қағидатын іске асыру, ең озық қолжетімді технологияларды енгізу, табиғат қорғау іс-шараларына бюджет қаражатын мақсатты жұмсау, үздік халықаралық тәжірибе негізінде экологиялық талаптарды қатаңдату, мониторингтің автоматтандырылған жүйесін енгізу және өндіріс пен тұтыну қалдықтарын басқаруды жетілдіру, оның ішінде «waste to Energy» енгізу және тағы басқаларды атап өтті.

«Жаңа Экологиялық кодекске сәйкес, 2022 жылдан бастап жергілікті атқарушы органдар көрсетілген барлық соманы, яғни 100% түсімді табиғатты қорғау шараларына жұмсауға тиіс. Ал ірі кәсіпорындарды экологияландыру үшін олар 10 жыл ішінде ең озық қолжетімді технологияларды енгізеді. Бұл уақытта олар эмиссия үшін төлемнен босатылады. Егер кәсіпорындар ЕОҚТ-ға көшпесе эмиссия төлемдері 2025 жылдан 2 есеге, 2028 жылдан бастап 4 есеге, 2031 жылдан 8 есееге өседі », - деді вице-министр.

Маңғыстау облыстық «Табиғи орта» аймақтың қауымдастығының кеңес төрағасы, эко-амбассадор Әділбек Қозыбақов кодекстің биоалуантүрлілікті сақтауға қосатын үлесіне тоқталды.
«Экокодексте биоалуантүрлілік түсінігі кеңінен түсіндіріледі. Сонымен бірге биоалуантүрлілікті сақтау шаралары иерархия бойынша, яғни келтіретін қауіпке қарай қарастырылады. «Табиғи орта» қауымдастығының биоресурстарды сақтау жөніндегі инспекциясы тек браконьерлікпен күресте ғана емес, бірінші дәрежелі кәсіпорындардың Кодекс талаптарын сақтаудың мемлекеттік қадағалауына да көмектесуге дайын», - деді ұйым өкілі.

Атап өтейік, экологиялық кодекс шеңберінде кәсіпкерлік, қылмыстық, су кодекстерінің және т.б. бірқатар заңнама нормалары қайта қаралады, сондай-ақ заң жобасын іске асыру шеңберінде 140-қа жуық нормативтік- құқықтық актілер қабылдау жоспарлануда.
Мысалы, эмиссия нормасынан асқан жағдайда кәсіпорынға салынатын айыппұл 10 есе, атмосфералық ауаны қорғау мен өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау бойынша айыппұл 5 есеге өсті. Жеке тұлғаны әкімшілік жазаға тарту ұзақтығы 2 айдан 1 жылға, заңды тұлғаға 1 жылдан жылға көбейді.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 03.02.2021
  • 332
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика