• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстауда шаруаларды қолдау, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары талқыланды


27 ақпанда Ақтауда өңір басшысы Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығын дамыту саласындағы нормативтік-құқықтық мәселелер талқыланды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Кенжеғали Машырықовтың айтуынша, департамент мемлекеттік фитосанитарлық бақылау мен қадағалауды 10 фитосанитариялық бекет арқылы жүзеге асырады. Бұл шаралар карантиндік нысандардың шетелден кіруіне жол бермеу және өңірдегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет.

Нұрлан Ноғаев экспортты қалыпты жағдайда дамыту үшін өнімнің қауіпсіздігін, әсіресп оның сапасы мен фитосанитарлық қорғалуын қамтамасыз ету керектігін баса айтты.

«Бұл сертификаттау және сапаны бақылау жүйелері арқылы барлық өндірілетін өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін қатаң қадағалауды, өндіріс процестерінде тазалық пен қауіпсіздіктің жоғары стандарттарын сақтауды, агрохимиялық препараттарды қолдануды тиімді бақылауды қамтамасыз етуді және өнімді арттыруға бағытталған заманауи технологиялар мен өндіріс әдістерін әзірлеуді талап етеді. Сондай-ақ тұтынушылардың денсаулығына төнуі мүмкін қауіп-қатерлерге мониторинг және әрекет ету жүйесін күшейту қажет», – деді аймақ басшысы.

Сонымен қатар, жиында Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қазбек Тәшімов баяндама жасады. Оның айтуынша, облыста 2023 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 33,8 млрд теңгеге жеткен. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 13,1%-ға жоғары. Оның 27,6 миллиард теңгесі мал шаруашылығына, 4,8 миллиард теңгесі өсімдік шаруашылығына тиесілі.

Ауыл шаруашылығын дамыту үшін шағын және орта кәсіпкерлік пен шаруа қожалықтарына мемлекеттік қолдау, яғни субсидиялар беріліп жатыр. Мәселен, соңғы үш жылда, яғни 2021-2023 жылдар аралығында агроөнеркәсіп кешенінің 2089 субъектісіне 5,9 млрд теңге субсидия бөлінді. 2023 жылы субсидиялауға бөлінген қаражат көлемі 2021 жылмен салыстырғанда 6,4 есе артып, 3,1 млрд теңгені құрады.

2024 жылы мәслихаттың шешімімен агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бюджеттен субсидиялауға 2,5 млрд теңге қарастырылған. Қаражат көлемі 2021 жылмен салыстырғанда 5 есеге өсіп отыр.

Сондай-ақ, Маңғыстауда 2024-2026 жылдарға арналған Маңғыстау облысының агроөнеркәсіп кешеніндегі инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың жол картасы әзірленуде. Жалпы сомасы 5,3 млрд теңгені құрайтын 9 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. 2024-2026 жылдары ауыл шаруашылығы саласында жалпы сомасы 5,3 млрд теңгені құрайтын тоғыз инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделген. 2024 жылы шағын құс фабрикасы мен жылыжай кешенін салуды қоса алғанда 370,0 млн.теңгеге 3 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Маңғыстау облысының әкімі бұл шаралардың барлығы ауыл шаруашылығы саласын тұрақты дамытуға, өңір экономикасының қарыштауына және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға септігін тигізетінін баса айтты.

 

  • 28.02.2024
  • 203
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика