• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстауда дүниежүзілік ҮЕҰ күніне орай азаматтық қоғам белсенділері марапатталды

Маңғыстауда үкіметтік емес ұйым жұмысымен айналысатын азаматтық белсенділер марапатталды. Шара 27 ақпанда Достық үйінде Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күніне орай өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Қазақстанда үкіметтік емес сектор әлеуметтік мәселелерді шешуде және азаматтық бастамаларды арттыруда мемлекеттің сенімді серіктесі болып табылады.

Соңғы 5 жылда Маңғыстауда үкіметтік емес ұйымдардың саны 35 пайызға артып, қазіргі таңда саны 800-ден асып отыр.

«ҮЕҰ-ды қолдау үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, гранттар мен марапаттар беру сияқты тетіктер енгізілді. Біз азаматтарымызға инвестиция сала отырып, өз аймағының әлеуметтік міндеттерін жүзеге асыруға үлес қосатын күшті және дамыған қоғамды қалыптастырамыз», - деді Нұрлан Ноғаев.

Жастарға арналған әлеуметтік жобалармен айналысатын ұйымдардың ішінде «Түпқараған жастары» ҮЕҰ ерекше атап өтуге болады. 2023 жылы олар Маңғыстауда жастарға арналған бастамаларды жүзеге асыру үшін миллион теңге көлемінде грант бөлетін «Zhas Project» жобасын жүзеге асырды. Биылғы жылы жоба республикалық деңгейге шығып, Алматы облысында жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, өткен жылы өңірдегі жастар арасында көшбасшылық орта қалыптастыру мақсатында «Жас көшбасшылар мектебі» және жастарды шетелдік тәжірибеге жіберуге бағытталған «Жастар тағылымдамасы» жобаларын сәтті аяқтады.

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Лима Диас 2023 жылы Маңғыстауда тоғыз әлеуметтік салада жұмыс істейтін 30 үкіметтік емес ұйымға жалпы сомасы 330 миллион теңгені құрайтын 43 грант берілгенін атап өтті. Биыл жастар саясаты, мәдениет, білім және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған тағы бірнеше байқау өткізу жоспарлануда.

Нұрлан Ноғаев азаматтық қоғамды дамытуда ҮЕҰ маңызды рөл атқаратынын қосты.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында реформаларды жүзеге асыру және мемлекет пен қоғам арасындағы диалогты орнатуда қоғамдық ұйымдар мен белсенді азаматтарды тарту қажеттігін атап өтті. Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында облыстағы үкіметтік емес ұйымдар білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, жастар саясаты, экология, мәдениет және әлеуметтік кәсіпкерлік салаларында әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруда. Жастар шетелде тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алды, азаматтарымыз әлеуметтік кәсіпкерлікпен айналысып, өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуде өз идеяларын белсенді түрде жүзеге асыруда, ал мұғалімдер білім берудегі озық тәжірибелерді меңгеруде. Бұл жұмыс ең маңызды мемлекеттік мәселелерді шешу үшін қоғамдық ұйымдардың мүмкіндіктері мен әлеуетін барынша пайдалануға бағытталған», - деді Нұрлан Ноғаев.

Айта кетейік, Маңғыстау облысының ҮЕҰ 520 миллион теңгеден астам сомаға әлеуметтік жобаларды іске асыруға гранттар ала алады.

Байқаулар бойынша ақпарат Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының ресми дереккөзінен (cisc.kz сайтынынан) білуге болады.

  • 28.02.2024
  • 224
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика