• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шойкин Ғ.Н.
Шойкин Ғ.Н.

ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Алғыс айту күніне арналған телекөпір форматындағы іс-шарасы өтті

2024 жылғы 1 наурызда ҚР Президентінің Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Астана қаласының Достық үйінде Алғыс айту күніне арналған телекөпір форматындағы іс-шарасы өтті.

Алғыс айту күнін мерекелеудің мақсаты әртүрлі салаларда және кәсіптерде адал қызмет етіп, азаматтық ерлік жасап, елдің дамуына үлесін қосып жүрген, сондай-ақ түрлі оқиғалар мен жағдайлар кезінде   белсенділік   пен   азаматтық   ұстанымын танытқан қазақстандықтарға  алғыс айту болып табылады.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – ҚР Президентінің Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы меңгерушісі Марат Әзілханов, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадыров, ҚР Парламентінің депутаттары, сондай-ақ этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ҚХА мүшелері, ҚХА жастары және өңірлерден өкілдер (онлайн байланыс арқылы) қатысты. Барлығы 1000-нан астам адам қамтылды.

Данияр Қадыров өз құттықтауында еңбектерімен елдің дамуына, бірлік пен келісімді нығайтуға үлес қосып жүрген барша қазақстандықтарға алғыс білдірді.

Сонымен қатар, іс-шарада «Қайырымдылық керуені» республикалық акциясының, «Шаңырақ» этносаралық қатынастар саласындағы азаматтар арасындағы үздік бейнероликтерге шығармашылық байқауының басталуы жарияланды.

 «Қайырымдылық керуені» республикалық акциясы Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен қайырымдылық шараларды қолдау, мұқтаж азаматтарға көмек көрсету, Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымағы қағидаттарын насихаттау мақсатында 2015 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.

Акция аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы мен оның қоғамдық құрылымдарының мүшелері жыл сайын еліміздің барлық өңірлерінде түрлі қайырымдылық шараларын ұйымдастырып, соның ішінде қарттар үйлері мен балалар үйлерінде концерттік бағдарламалар ұйымдастырып, көп балалы және мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеттерін таратады.

Соның жарқын мысалы ретінде, а.ж. 1 наурызында Алғыс күніне арналған Форумда ҚХА Төрағасының қоғамдық орынбасары, «Тәжіктердің республикалық этномәдени орталығы» республикалық қоғамдық ұйымының төрағасы, меценат Акбаржон Исмаилов екі көп балалы отбасына Астана қаласында жаңа пәтерлердің кілтін табыс етті.

А.Исмаилов өз сөзінде көмекке мұқтаж отбасыларға қол ұшын созып, кәсіпкерлер ретінде қайырымдылық жобаларға қолдау көрсету әр қазақстандықтың азаматтық жауапкершілігі мен отансүйгіштігінің айқын үлгісі екендігін жеткізді.

«Қайырымдылық керуені» республикалық қайырымдылық акциясы жыл соңына дейін жалғасады. Акция соңында «Қайырымдылық керуені» республикалық форумы өтеді, оның аясында меценаттар мен қайырымдылық көрсетушілер марапатталады.

Бұған қоса,  ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы М.Әшімбаевтың, «Бір ел – бір мүдде» ҚХА депутатық тобының және дөңгелек үстел қатысушыларының қатысуымен «Қазақ еліне мың алғыс» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өткізілді.

Мерекелік шараның жалғасы ретінде Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында «Бірлік ансамблі» ән-би ұжымының тұсаукесер-концерті ұйымдастырылып, онда Қазақстан этностарының музыкалық мұрасы мен өнері ұсынылды.

  • 04.03.2024
  • 195
Шойкин Ғ.Н.

ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы

Шойкин Ғ.Н.
(Мұрағат)

ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика