- Блогтар
- Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
Сенаторлар бизнеске әкімшілік жүктемені азайту туралы заң жобасына өзгерістер енгізді
ҚР Парламенті Сенатының спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын қарады.
Заң жобасы кәсіпкерлік қызмет саласындағы заңнаманы жетілдіруге және бизнесті дамытуға қолайлы жағдайлар жасау үшін әзірленді. Басты міндет – бизнеске әкімшілік жүктемені азайту және негізсіз кедергілерді жою болып табылады. Одан бөлек, мемлекеттік бақылау мен қадағалау тәртібін реттейтін нормалар қайта қаралды.
- 05.03.2024
- 191