• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
«Ауыл аманаты»: 1700-дей жобаға несие берілді

Ақтөбе облысында «Ауыл аманаты» жобасы аясында жалпы құны 7,7 млрд  теңге болатын 1667 жобаға несие берілді. Негізінен жоба операторы «Ақтөбе» ӘКК бүгінде жалпы құны 10,0 млрд теңге болатын 2029 жобаның құжатын қабылдап, 1892-сін мақұлдаған.
 

 Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімінің төрағалығымен өткен аппараттық жиында ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысы Құсайын Сәрсембай мәлімдеді.
 
Басқарма басшысы өз баяндамасында жобаның қалай жүзеге асырылып жатқаны туралы айтты. Қаңтар айында 250,0 млн теңге қаржы 51 жобаны, ақпан айында 519,5 млн теңге қаржы 83 жобаны несиелендіруге бағытталған. Әйтеке би, Байғанин, Ырғыз аудандарында көрсеткіш әлі де төмен деңгейде.
 
🔹 Дегенмен, құс шаруашылығы бағыты бойынша 2,2 млрд теңгеге 569 жоба, мал шаруашылығында – 289,8 млн теңгеге 43 жоба, өсімдік шаруашылығында – 1,1 млрд теңгеге 231 жоба, оның ішінде 98 шағын жылыжай ауылдарда ашылған.
 
🔸 Кәсіпкерлер өңдеу және шағын бизнестің өзге түрлеріне де көңіл бөлген. Бұл бағытта 4,1 млрд теңгеге 824 жоба қолдауға ие болды. Оның ішінде 121 наубайхана мен кондитер, 136 шағын сүт өңдеу және 63 ет өңдеу, 55 тігін, 91 монша, 23 қоғамдық тамақтану орындары, 8 балық өсіру, 67 көлік жөндеу, 50 шаштараз бен әсемдік салоны және 210 өзге де жобалар бар.
 

«Несиені уақытылы беруді тежейтін негізгі фактор – тапсырылған құжаттардың дұрыс болмауы. Бүгінде 94 жобаның кепіл құжаттары бойынша ескертулер бар.  Осы кемшіліктерді жақын арада дұрыстап, осы айдың басында несиенің берілуін қамтамасыз ету қажет»,


—  деді Құсайын Сәрсембай.
 
📌 Барлығын мұқият тыңдаған өңір басшысы Асхат Шахаров санға емес, сапаға мән беру керектігін айтты. «Ауыл аманаты» жобасы аясында алынған несиенің мақсатты пайдалануын растайтын құжаттарды уақытылы ұсыну қажеттігі айтылды.
 

«Жобаға қатысуға ниет білдіргендердің қаржылық жағдайына қарау қажет, яғни, кіріс бөлігі алған несиесін қайтаруға жеткілікті болатындай болуға тиіс. Сондықтан аталған жоба аясында қаржыландыру кезінде осы мәселелердің бәрін зерттеп, нақты шешім қабылдау қажет. Бізге сан емес, сапа маңызды»,


— деді жиынды қорытындылаған облыс әкімі.

  • 07.03.2024
  • 241
Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика