• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстауда түрлі мамандық иелері мен көпбалалы аналар 8- наурыз мерекесін атап өтті

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев көпбалалы аналар мен түрлі салада жұмыс істеп жүрген әйелдерді мерекелерімен құттықтады. Марапаттау рәсімі Достық үйінде өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Қыз-келіншектерге гүл, алғыс хат пен құттықтаулар табысталды: 8 наурыз мерекесі қарсаңында Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев облыстағы қыз-келіншектер қауымымен кездесті. Мерекеге өңірдегі қалалар мен аудандарда тұратын түрлі кәсіп өкілдері, сондай-ақ көпбалалы аналар қатысты.

Маңғыстау облысы туу көрсеткіші бойынша бірнеше жылдан бері Қазақстанда алдыңғы орындардың бірінде тұрған аймақ. Облыста 12 мыңнан астам әйел “Алтын алқа” және “Күміс алқаның” иегері атанғаны бұл сөзіміздің дәлелі деуге болады.

Әйелдерді құттықтаған Нұрлан Ноғаев нәзік жандылардың жасампаз күші болмаса, қоғамның дамуы мүмкін емес екенін, өңірдің дамуында да әйелдердің зор рөл атқарып отырғанын атап өтті.

«Әр заманда да әйелдер біздің қоғамда өте маңызды рөл атқарды. Қазақ халқы «әйел бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетеді» деп бекер айтпаған. Бүгінде облысымызда таңдай қақтыратын жетістігі бар әйелдер көп. Олардың арасында өз ісіне адал ұстаздар, дарынды шығармашыл тұлғалар мен білікті кәсіпкерлер бар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдерді қолдау шараларына ерекше назар аударады, басшылық қызметтегі әйелдердің үлесі де артып келеді. Біздің облыстың жетістігі әйелдермен тығыз байланысты. Маңғыстаудың дамуына нәзік жандылар өлшеусіз үлес қосып отыр. Сұлулықтарыңыз бен мейірімділіктеріңіз үшін, үйлеріңіздегі жылулық пен тиянақты істеріңіз үшін, өмірдің қуанышы мен мәні үшін рахмет. Сіздерге денсаулық, амандық және зор бақыт тілеймін”,– деді Нұрлан Ноғаев.

  • 07.03.2024
  • 229
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика