- Блогтар
- Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
Standard&Poor's халықаралық рейтингтік агенттігі Қазақстанның «BBB-/А-3» деңгейіндегі егеменді кредиттік рейтингін, «Тұрақты» болжамын растады
Ықтимал сыртқы тәуекелдер үшін жеткілікті резервтерді қамтамасыз ететін Қазақстанның фискалдық және сыртқы баланстарының орнықтылығы ел рейтингін қолдаудың негізгі факторлары болып қала беруде.
S&P сарапшылары экономиканың өтімді сыртқы активтері алдағы бірнеше жылда сыртқы борыштан айтарлықтай асып түседі деп болжайды.
Есепте экономиканың өсуі құрылыстағы, өнеркәсіптегі, саудадағы, ақпарат пен байланыстағы белсенділікке байланысты екендігі атап өтілді.
Сонымен қатар, cарапшылар инфрақұрылымды дамытуды және одан әрі әртараптандыруды қоса алғанда, Үкіметтің ынталандырушы шараларын атап өтті.
S&P экономикалық реформалардың жалғасуы және мемлекеттік шығыстардың орташа өсуі 2024-2027 жылдардағы тапшылықты азайтады деп күтеді.
ҚР Үкіметі инвестициялық сенімділік деңгейінде егеменді рейтингті сақтау бойынша белсенді жұмысты жалғастырады.
- 12.03.2024
- 109