• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
2020 ЖЫЛЫ БЕЙНЕУДЕ 44 КӨШЕГЕ ЖОЛ САЛЫНДЫ

Бүгін Бейнеу ауданының әкімі Әбілов Бейнеубек 2020 жылы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берді. Қорытынды есеп беру жиынына облыс әкімінің орынбасары Қашақов Бақытжан қатысты. Жиын карантиндік талаптарға сәйкес онлайн форматында ұйымдастырылып, Бейнеу ауданы әкімдігінің және аудан әкімінің фейсбук парақшаларында тікелей эфирде көрсетілді.

Жалпы 2020 жылы аудан  халқы 71 400 адамға жетті.  Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 800 адамға өсті. Ауданда 12 122 отбасы бар, бұл өткен жылмен салыстырғанда 156 отбасыға көп. 

 «2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында Бейнеу ауданында 553 жаңа жұмыс орны құрылды.  Ашылған жұмыс орындарына 437 адам тұрақты жұмысқа жолданды. 

Коронавирус пандемиясының өршуіне байланысты аудан әкімдігі және медициналық мекемелердің бірігіп атқарған ауқымды жұмыстарының нәтижесінде 70 науқасқа арналған инфекциялық госпиталь, 170 орынға арналған провизорлық госпиталь, 70 орынға арналған обсервациялық госпитальдар дайындалды. 

Бүгінгі күні аурухананың дәрі-дәрмек қоймасында дәрі-дәрмек, медициналық бұйымдардың қоры жасақталған. 

Қашықтықтан оқытуға байланысты мектептердің балансындағы 1656 компьютер оқушыларға таратылды. Сонымен қатар аудандағы 24 мектепке 631  компьютер, 2321 роутер, 2850  ноутбук,  425  планшет алынды. 

Ауданның  білім  беру  ұйымдары  бейнебақылаумен  және  кең  жолақты  интернет  желісімен 100% қамтылған. Қазіргі таңда мектептерде  кең  жолақты  интернет  желісі  10-20  мбит/сек. құрап  отыр. 

2020 жылы 17 мектепке ішкі әжетханалар салынып, аудандағы білім беру ұйымдары ішкі әжетханамен толықтай қамтылды. 

Өткен жылы аудан тарихынан сыр шертетін Сұлтан Бейбарыс көшесінде «Білеулі керуен сарайы» ескерткіші бой көтерді. Сонымен қатар, Қосай ата көшесіне «Анаға тағзым» есерткіші қойылды.  

«Бастау бизнес» жобасымен 140 қатысушы  сертификат  алды. Оның ішінде 35 тұлға 140 млн. 500 мың теңге көлемінде шағын несие алса, 100 тұлға 55 млн. 400 мың теңгенің қайтарымсыз грант иегері атанды. Нәтижесінде 183 жаңа жұмыс орны ашылды. 

Жалпы бизнесті қолдау мақсатында барлық мемлекеттік бағдарламаларды  қоса  есептегенде  125 жобаға  несие беріліп, 188 жұмыс орны ашылды. 

 «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Бейнеу ауылы көшелерінің автомобиль жолдарын орташа жөндеу бойынша ұзындығы 21 086 метр болатын 21 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жасалды.  

Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы бағдарламасы  аясында  14 жоба жүзеге асырылды.

Аталған бағдарлама аясында Бейнеу ауылында 21 көшенің автомобиль жолдарына орташа жөндеу және 1 көшеге автожол құрылысын салу жұмыстары 100% орындалды. 2020 жылы Бейнеу ауылының әлеуметтік маңызы бар нысандары, мектеп, балабақша, аурухана, маршруттық көліктер жүріп өтетін маңызды жолдары назарға алына отырып 44 көшеге ұзындығы 44,3 км автожол салынды. 

Ауыл ішіндегі 7 көп қабатты тұрғын үйлердің қас бетіне ағымдағы жөндеу жұмысы және 32 көп қабатты тұрғын үйлердің шатырларын ауыстыру, жаңарту жұмыстары жүргізілді. 

Бейнеу ауылындағы Ы.Алтынсарин, Ж.Қалдығараев атындағы орта мектебіне 312 орындық 2 қабатты қосымша құрылыс салу жұмыстары жүргізіліп, нысандар пайдалануға берілді. 

Есет ауылына 17,5 шақырым және Ақжігіт ауылына 6,2 шақырым ауылішілік электр желісі тартылды. 
2020 жылы  жалпы  алаңы  90,2 мың шаршы  метр  болатын  594 жекеменшік тұрғын үй салынды. Жылдық жоспар 90 мың шаршы метр. Бейнеу ауданында жазғы маусымда электр қуаты жетіспеушілігі байқалған көшелердің, электр қуатын жоғарылату мақсатында 2020 жылы облыстық бюджеттен 26,3 млн. теңге қаржы бөлініп 11 кіші трансформатор сатып алынды. Оның 9 данасы Бейнеу ауылындағы электр қуаты төмен көшелерге орнатылса, 1 данасы Тәжен ауылына, 1 данасы Боранқұл ауылына орнатылды. Тұрыш, Сам, Тәжен елді мекендерінде «Beeline» операторының интернет жылдамдығы 4G-ға, ал  Төлеп елді мекенінде 3G-ға және Ноғайты елді мекенінде Activ операторының интернет жылдамдығы 4G-ға көтерілді. Бейнеу ауылын толыққанды интернет желісімен қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылдан бастап ЖК «Елубаева», «Сас-телеком» және «Самал – телеком» мекемелері интернет желісін тарту жұмыстарын жүргізуде. Алдағы уақытта  Бейнеу ауылы 100 % жоғарғы жылдамдықты интернет желісімен қамтылатын болады. 

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 05.02.2021
  • 288
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика