• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шойкин Ғ.Н.
Шойкин Ғ.Н.

ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтауда «Ақсақалдардың аталы сөзі» республикалық конференциясы өтті

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев 2022 жылғы 8 қарашадағы Атырау облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңестерінің өңірлердегі қызметін жолға қоюды, олардың жұмысын жүйелеуді, жаңа серпін беріп, мәртебесі мен ықпалын арттыру бойынша шаралар қабылдауды тапсырған болатын.

Осыған орай, ағымдағы жылдың 13 наурызы Амал мерекесі қарсаңында Ақтау қаласында өңірлердегі Ақсақалдар кеңесінің қатысуымен өткен екінші республикалық отырыс аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ақсақалдардың аталы сөзі» атты республикалық конференциясы өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдағы рухани құндылықтарды қалыптастырудағы аға буынның рөлін арттыру.

Аталған іс-шараға Маңғыстау облысының әкімі Н. Ноғаев, ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ. Шойкин, ҚХА-ның өңірлердегі Ақсақалдар кеңесінің бірқатар мүшелері, сондай-ақ қоғамның белсенділері қатысып, сөз сөйледі.

Маңғыстау облысының әкімі Н.Ноғаев өңірлерден келген конференция қатысушыларын жылы қарсы алып, өз сөзінде туған жерге, халқына деген патриоттық сезімдегі білімді, өнегелі ұрпақтарды тәрбиелеуде Ақсақалдар кеңесінің рөлі маңызды екенін атап өтті.

Өз кезегінде, Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ.Шойкин ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің атынан осы маңызды іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғысын білдіріп, конференция қатысушыларын ынтымақтастық пен бауырластық салтымыздың жарқын көрінісіне айналған Амал мерекесімен құттықтады.

Сондай-ақ Ғалым Нұрмағамбетұлы өз сөзінде: «Қазақ халқының ел билеу дәстүрінде қоғам мен биліктің арасына алтын көпір қызметін атқарған институт – Ақсақалдар кеңесі болған. Ғасырлар бойы Ақсақалдар кеңесінің тікелей қатысуымен елдің бірлігі мен қоғамдағы тұрақтылық қамтамасыз етілді. Бұл институттың қызметі ешқашан өзінің өзектілігі мен маңыздылығын жоғалтқан емес. Қай кезеңде де қазыналы қариялар елді бірлікке, ынтымаққа және адал еңбекке шақырған. Аға ұрпақтың даналығы мен тәжірибесін жастарға беру арқылы біз еліміздің тұрақты дамуы мен өркендеуін қамтамасыз ете аламыз. Бұл институттың қызметі ешқашан өзінің өзектілігі мен маңыздылығын жоғалтқан емес», деп атап өтті.

Бүгінде республика бойынша әртүрлі деңгейде 1119 Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақсақалдар кеңесі жұмыс істеуде, оның жұмысына 8 мыңға жуық адам тартылған. 2023 жылдың өзінде 6 мыңнан астам әртүрлі сипаттағы іс-шара өткізіліп, оған 190 мыңнан астам тұрғын тартылды.

Іс-шара соңында Ақсақалдар кеңесінің мүшелері алдағы уақыттағы жұмыстың негізгі бағыттарын айқындап, әрі қарай қоғам игілігі үшін қызмет етуге, елдегі бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету бағытында қолдау көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.

  • 14.03.2024
  • 235
Шойкин Ғ.Н.

ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы

Шойкин Ғ.Н.
(Мұрағат)

ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика