• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
«Отпан тауға» екі күнде 30 мыңнан астам адам келді: Маңғыстау Көрісу күні – Амал мерекесін қалай атап өтеді

Маңғыстауда Амалды мерекелеу Маңғыстау ауданындағы Жыңғылды ауылынан 15 шақырым жерде орналасқан "Адай ата-Отпан тау" тарихи-мәдени кешеніндегі концерттік бағдарламадан басталды. «Бірлік отының» салтанатты тұтануы мереке аясындағы жарқын оқиғалардың бірі болды. Биылғы мерекені ұйымдастырушылар, яғни, Мұңал ата ұрпақтарының айтуынша, екі күн ішінде Отпан тауына 30 мыңнан астам адам жиналған, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Маңғыстау тұрғындары Амал мерекесін осымен 17 жыл қатарынан Отпан тауында қарсы алып келеді. 13 және 14 наурызда "Адай ата-Отпан тау" тарихи - мәдени кешенінде Амал мерекесі аясында Бірлік отын жағу рәсімі, екі күн бойы мерекелік іс-шаралар өтті.

Биыл Амалды Мұңал ата руының ұрпақтары ұйымдастырды.

Мерекені ұйымдастырушылардың айтуынша, Отпан тауына екі күнде 30 мыңнан астам адам жиналған.

Іс-шарада шебер-қолөнершілердің көрмесі ұйымдастырылды. Концерттік бағдарлама аясында Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева өнер көрсетті.

Айта кетейік, Көрісу күні немесе қауышу күнін бұл жақта Амал мерекесі деп те атайды. Бұл күн Жаңа жылдың басы болып саналады. Ұлттық киім киген адамдар "Бір жасың құтты болсын", яғни "тағы бір жылыңмен құттықтаймын" деген сөздермен қол алысып, құшақтасып амандасады.

Бұл дәстүрдің мәні-қыстан аман-есен өтіп, көктемді қарсы алып, жақын адамдарымен бірге болу мүмкіндігіне шын жүректен қуану деген сөз. Осы кезеңде кішілер үлкендердің амандығын білуге барады.

Құрмет белгісі ретінде өңір басшысы Нұрлан Ноғаев 14 наурызда Шетпе ауылындағы білім беру саласының ардагері Алдаберген Құрмашевтің үйіне барды.

«Бүгін біз ерекше мерекеге орай дастарханға жиналдық, бүгін біз Амал мерекесін қарсы алып, көрісеміз. Бұл мереке Жаңа жылдың бастауын білдіреді. Ежелгі уақытта біздің ата-бабаларымыз аман-есен қыстап шығып, көктемде қуана көріскен. Қазір заман өзгергенімен, дәстүріміз өзгерген жоқ. Кішілері үлкендерге амандасып, қонаққа барса, үлкен кісілер оларға ақыл-кеңесін айтады, бұл - ұрпақтар сабақтастығы, біздің ұлттық құндылығымыз. Біздің күшіміз бірлікте және бұл қағиданы әрқашан есте сақтау маңызды", - деп атап өтті Алдаберген Құрмашев.
Еліміздің еңбек сіңірген мұғалімі Алдаберген Құрмашев мектеп жылдарында белгілі жазушы Әбіш Кекілбаевпен бір партада отырып, ал институтта ақын Фариза Оңғарсыновамен бірге оқыған. Ақсақал Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевқа жастық шағындағы естеліктерін айтып берді.

Аймақ басшысы ақсақалды Амал мерекесімен шын жүректен құттықтап, оның терең символизмін атап өтті.

"Көрісу - ата-бабаларымыздан бастау алған дәстүр. Біз оны есте сақтап, құрметтеуіміз керек. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, өркениетті елдердің мәдениеттері араласып жатқанда біз өз мұрамызды қорғап, мәдени құндылықтарымызды жоғалтпауымыз керек. Сонымен қатар, прогрессивті ұлт ретінде біз тек алға қарауымыз керек! Жастар - біздің болашағымыз және олар әлемдік аренада бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Сондай-ақ, еліміздің дамуына өз үлесін қосуға дайын көптеген білікті мамандар қажет. Біздің өңірдің білім беру саласын дамытуға қосқан баға жетпес үлесіңіз үшін алғыс айтамын. Балаларыңыз бүгінде сіздің ісіңізді жалғастырып, ұстаз болып жұмыс істейді және жаңа ұрпақты тәрбиелеп жатыр. Сізге зор денсаулық тілейміз! Амал мерекесі бізге тек қуаныш әкелсін", - деп атап өтті облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.
Айта кетейік, қалыптасқан дәстүр бойынша от жағуға арналған алау эстафетасы адай руының өкілдеріне беріледі. Биыл мереке эстафетасы мен бірлік алауы Қосай Ата ұрпақтарына берілді.

  • 14.03.2024
  • 238
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика