• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтөбе қаласындағы «Қазақ халқына мың алғыс» стелласы алаңында 14 наурыз — Көрісу күніне арналған мерекелік шара өтті.

Оған облыс әкімі Асхат Шахаров, облыстық мәслихаттың төрағасы Гүлқасима Сүйінтаева, Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет,«Amanat» партиясының облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ербол Данағұлов, зиялы қауым өкілдері, депутаттар мен мемлекеттік мекеме басшылары, сондай-ақ қала тұрғындары қатысты.
 
Шарада алдымен облыс әкімі Асхат Шахаров сөз сөйлеп, жұртшылықты мерекемен құттықтады.  
 

«Баршаңызды Көрісу күнімен шын жүректен құттықтаймын! Көрісу күні – қазақ халқының ертеден келе жатқан салт-дәстүрі және елдің ырыс-ынтымағын арттыратын айырықша мереке. Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында тойланатын Амал мерекесінің халқымыз үшін орны бөлек. Бүгінгі Амал мерекесі республика көлемінде тойланып жатыр. Осынау мерекеде жастар үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипаттарын білдіруде, қариялар батасын беріп, үлгі көрсетуде.
Өскелең ұрпақты ізеттілік пен мейірімділікке, ауызбіршілік пен кішіпейілділікке, татулық пен бауырмалдыққа бастайтын тағылымға толы бүгінгі мереке баршаңызға құтты болсын! Береке-бірлігіміз артып, дастарқанымыз аққа, ортамыз жанға толып, жыл сайын Наурыз мерекесіне аман-есен жете берейік»,


 — деді А.Шахаров. 

 Салтанатты шарада «Көктем шуағы», «Торсық» әдеби-хореографиялық композициялары қойылып, шығармашылық ұжымдары концерттік бағдарлама ұсынды.

Сондай-ақ, театрландырылған көрініс қойылып, ақ жаулықты аналар отпен аластау рәсімін жасады.

Мерекеде ақтөбеліктер құшақ жайып, көрісіп, бір-біріне ақ жарма тілектерін білдірді. Ақсақалдар батасын беріп, әжелер шашу шашты. Бұдан бөлек, алаңда қала жастары ұлттық спорт түрлерінен ұйымдастырылған жарысқа қатысты.

 Шара соңында көпшілік киіз үйлерге кіріп, дәмнен ауыз тиді. Қолөнер шеберлерінің туындылары қойылған көрме-жәрмеңкені тамашалады.

  • 15.03.2024
  • 234
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика