- Блогтар
- Елібаев М.Т.
Елібаев М.Т.
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы
ҚДБ ашықтық және ESG облигациялары үшін KASE марапаттарын алды
Қазақстан қор биржасы (KASE) капитал нарығының жұмысына қатысатын компанияларды жыл сайынғы марапаттау рәсімін өткізді. Марапатталғандардың қатарында – «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы) бар.
Банк «Ашықтыққа ұмтылғаны үшін» дипломын алды. KASE Банктің инвесторлар үшін ақпаратты ашу және олармен биржа алаңында коммуникациялар құру жөніндегі тәжірибесін атап өтті. Сондай-ақ бұл қаржы институтының барлық мүдделі тараптарға, оның ішінде бірінші кезекте елдің қалың жұртшылығына ашықтығын арттыру жұмысын көрсетеді.
Сонымен қатар ҚДБ «ESG облигациялар нарығының көшбасшысы» номинациясында атап өтілді. Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 29 наурызында Банк KASE-де өзінің дебюттік «жасыл» облигацияларын 10 млрд теңгеге орналастырған болатын. Алынған қаражат KEGOC компаниясының Қазақстанның батыс өңірлеріндегі энергоинфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі жобасын қолдауға бағытталды. ҚДБ-да Орталық Азияда алғаш рет Climate Bonds Initiative сертификатын алған «жасыл» облигациялар бар, бұл бағалы қағаздардың әлемдік стандарттарға сәйкестігін білдіреді.
Банктің және оның қарыз алушыларының қызметіне ESG қағидаттарын енгізу – Банктің 2024-2033 жылдарға арналған жаңа даму стратегиясының басты бағыттарының бірі болып табылады.
- 18.03.2024
- 223