- Блогтар
- Такиев М.Т.
Такиев М.Т.
ҚР Қаржы министрі
Бүгін ҚР Қаржы министрі Мәди Такиев Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дастан Дюшекеевпен кездесті.
Кездесу барысында Тараптар ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады, мемлекеттер арасындағы экономикалық қатынастардың дамуы туралы пікір алмасты.
Мәди Такиев Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қырғыз Республикасының уәкілетті органдарымен белсенді өзара
іс-қимылын жоғары бағалады және өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға және арттыруға дайын екенін білдірді.
«Біздің екіжақты ынтымақтастығымыз сапалы жаңа деңгейге көтерілуі мүмкін», – деп атап өтті министрлік басшысы.
Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар сауда-экономикалық және қаржылық ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді.
- 28.03.2024
- 163