• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстауда Ақмарал Әлназарова мен Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен Денсаулық сақтау басқармасының кеңейтілген алқа отырысы өтті

28 наурызда Маңғыстауға ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова келді. Делегациямен бірге ол Жаңаөзендегі көпсалалы қалалық ауруханаға барып, Мұнайлы аудандық ауруханасының стационарындағы құрылыс барысымен танысты. Ақтауға жасаған сапары аясында Достық үйінде аймақ басшысы Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен денсаулық сақтау басқармасының кеңейтілген алқа отырысы өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

2023 жылдың 12 айында Маңғыстауда ана өлімінің көрсеткіші 31%, нәресте өлімі 11%, туберкулезден болатын өлім 47% төмендеген. Бұл туралы Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бекболат Ізбасаров айтып берді. 

"Денсаулық сақтау саласының маңызды көрсеткіші – ана мен бала өлімі. Облыста 2023 жылы ана өлімінің екі жағдайы тіркелді, 100 мың тірі туғандарға шаққандағы көрсеткіш 9,6% құрады. 1 жасқа дейінгі нәресте өлімінің деңгейі 13,7%  төмендеді. Жалпы өлім деңгейі 1000 тұрғынға шаққанда 4,07 құрады. Жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім-жітім 31,5%, қатерлі ісіктен болатын өлім-жітім 12,1% өсті, сонымен бірге туберкулезден болатын өлім-жітім 46,7% азайды. 2022-2023 жылдары респираторлық аурулардан болатын өлім-жітім бір деңгейде қалып, 100 мың тұрғынға шаққанда 26,7 құрады", - деді Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бекболат Ізбасаров. 

Денсаулық сақтау саласындағы басты проблемалардың бірі – кадр тапшылығы. Қазір облыста 206 маман жетпейді. 

Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, мамандар тапшылығы мәселесін шешу үшін 2022 жылы облыс әкімінің 157 гранты бөлінген, ал 2023 жылы грант саны 198-ге дейін ұлғаяды (бакалавриат – 165, интернатура-33).

"Дипломмен ауылға" бағдарламасы ауылдық жерлерде жұмыс таңдаған мамандарға маңызды қолдау көрсетеді. 116 миллион теңге көлемінде біржолғы көтерме жәрдемақы алу үшін 335 маман жүгінді, сондай-ақ 157 маманға жеңілдетілген несие бойынша тұрғын үй сатып алуға немесе салуға 811 миллион теңге бөлінді. Біз мемлекеттік қолдау шараларын күшейтіп, мамандарды ауылда жұмыс істеуге ынталандыру арқылы осы бағыттағы жұмысты жалғастыра береміз", - деді Нұрлан Ноғаев.

Тегін амбулаториялық дәрілік заттармен қамтамасыз етуге бөлінген қаражат көлемі 1,5 есеге ұлғайып, 2024 жылы 8,8 миллиард теңгеге жетті. Өйткені, ең алдымен, қымбат емдеу препараттарын қоса алғанда, тегін дәрі-дәрмектер тізімі кеңейді.  

Сонымен қатар, кездесу барысында медициналық қызмет көрсететін кәсіпкерлер міндетті медициналық сақтандыру қорының Маңғыстау филиалының жұмысына қатысы сын айтты.

Бұған жауап берген денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Маңғыстау филиалының жұмысына байланысты шағымдардың мән-жайын зерттеу үшін біздің өңірге комиссия жіберу туралы тапсырма берді. 

Өз кезегінде, Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев ресурстарды тиімсіз пайдалану медицина саласы үшін елеулі қаржылық жүктемеге әкеп соқтыратынын атап өтті. 

"Астанада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, әлеуметтік бағдарланған мемлекеттің басты міндеті – барлық азаматтар үшін тең мүмкіндіктер жасау, шынында да көмекке мұқтаж адамдарды қолдау. Біздің ортақ мақсатымыз - әрбір адамға жоғары деңгейде медициналық қызметтердің барлық түрін ұсыну. Әр адам ай сайынғы жарналарды не үшін төлейтінін түсінуі үшін бізге ашықтық қажет. Медицина - біздің жұмысымыздағы басым бағыттардың бірі, сондықтан біз жастарға осы салада тегін білім алуға грант бөліп отырмыз. Сапалы білім алған олар халыққа көмектесу үшін аймаққа келіп жұмыс істейді", - деді сөзін қорытындылаған Нұрлан Ноғаев.

  • 29.03.2024
  • 163
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика