• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Саткалиев А.М.
Саткалиев А.М.

ҚР Энергетика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Cу тасқыны кезінде газ беруді қалпына келтіру шаралары

Ауа райының күрт жылынуынан еріген қардан тасқын жүріп, еліміз аймақтарында күрделі ахуал туындады. Қазір әр өңірде жедел штабтар құрылып, тасқынмен күрес жұмыстары жалғасуда.

Әсіресе, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарындағы жағдай күрделірек.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ мамандары 28 наурыз күні Ақтөбе облысының  Мұғалжар ауданы Бірлік және Шалқар ауданының Шетырғыз ауылдарындағы еріген қар суының тасқынына байланысты  қауіпсіздік мақсатында 100-ге жуық үйді уақытша газдан ажыратқан еді. Қазіргі уақытта барлық үй жедел түрде газға қайта қосылды.

Ақтөбе қаласында Елек өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты «ЭКО», «Көктем», «Актюбрентген 16», «Саяжай», «Эколог 1», «Алтын күз», «Электрик», «Терек 3», «Зеленострой», «Рассвет-Орман Шаруашылығы» бау-бақша ұжымдары су астында қалды. Бүгінгі таңда тұрғындар қауіпсіз жерге көшіріліп, 693 үй мен 22 газ тарату шкафы газбен жабдықтау тоқтатылды.

Сондай-ақ, Ойыл өзенінің арнасынан асуына байланысты Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қаратал, Жаңабаз, Екпетал ауылдарындағы 230 тұрғын үй мен 2 коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорын көгілдір отыннан ажыратылды.

Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданындағы Анқаты елдімекенінде тасқын су бөгетті алып кеткен. Мұнда да қауіпсіздік мақсатында 12 екі пәтерлі үйге (24 тұтынушы) уақытша көгілдір отын беру тоқтатылды.

Жауын-шашынның көп түсуі, еріген судың күрт артуы және Шыңғырлау өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі салдарынан Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсу кентінде су тасқыны орын алды. Тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қазіргі сәтте кенттің 112 тұтынушысына газ беру уақытша тоқтатылды.

Сонымен қатар облыстағы Қаратөбе ауданының Жақсыбай өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі салдарынан бөгет бұзылып, Қоржын ауылын су басуда. Ондағы тұрғындардың қауіпсіздігі үшін 90 жекеменшік үй шұғыл жағдайда газдан ажыратылды. Қазіргі уақытта су тасқыны жүріп жатқан жерлердегі уақытша газдан ажырату шаралары тек қауіпсіздік мақсатында ғана жүзеге асуда.

Газбен қамтамасыз етумен байланысты кез-келген төтенше жағдайға шұғыл әрекет ету үшін тәулік бойы жұмыс жасайтын авариялық- диспетчерлік қызмет қосылған. Азаматтар 104 нөмірі арқылы шұғыл көмек пен кеңес ала алады.

Сондай-ақ, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ қызметкерлері авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға тартылды.

 Аталмыш өңірдегі тасқын қаупі қалыпқа келтірілген соң тұрғындарға газ беру үшін барлық шаралар жасалатынын хабарлаймыз. 

  • 29.03.2024
  • 189
Саткалиев А.М.

ҚР Энергетика министрі

Саткалиев А.М.
(Мұрағат)

ҚР Энергетика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика