• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қамбаров Қ.Т.
Қамбаров Қ.Т.

ҚР МАМ Жастар және отбасы істері комитеті төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Астанада «Қазақстан жастары – 2024» ұлттық баяндамасы талқыланды

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығында «Қазақстан жастары – 2024» ұлттық баяндамасының құрылымын талқылау өтті. Кездесу барысында «Адал азамат» тұжырымы аясындағы жастардың құндылықтар туралы көзқарасы сөз етілді. Іс-шараға мемлекеттік органдар, саяси партиялар, халықаралық ұйымдар, зерттеу орталықтары мен ҮЕҰ мен жастар бірлестіктерінің өкілдері қатысты.

«Жастар саясатын жүргізу шеңберінде жастардың өзін-өзі жүзеге асыруы мен дамуы үшін қажетті жағдайлар жасалып жатыр. Шешім қабылдау кезінде жастардың бүгінгі сұранысын ескеру маңызды және бұл баяндама еліміздегі жастардың дамуындағы негізгі трендтерді  көруге мүмкіндік береді»,– деп атап өтті ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төраға орынбасары Біржан Әлімжанов.

Талқылау барысында қатысушылар облыстық және республикалық деңгейде жастарға қатысты жүзеге асырылып жатқан жобаларды ғылыми-сараптамалық тұрғысынан күшейту қажет деген шешімге келді. Сарапшылар жаһандық турбуленттілік кезеңінде  жастардың шыңдалуы мен өзін-өзі дамытуы үшін жағдай жасау, сондай-ақ оларға «Адал азамат» құндылықтарын сіңіру маңызды екенін атап өтті.

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Айсұлу Ерниязованың айтуынша, Ұлттық баяндама – жас азаматтарға қатысты саясатты іске асыруға арналған бірегей және іргелі құжат. Баяндамада соңғы он бір жылдағы жастар ортасының өзгеру динамикасы көрсетілген.

Кездесу соңында талқылауға қатысушылар осы жылға жоспарланған әлеуметтік зерттеулер барысымен танысты.

Айта кету керек, «Қазақстан жастары» ұлттық баяндамасын орталық жыл сайын дайындап келеді. 2013 жылдан бері 11 ұлттық есеп шығарылды.

  • 05.04.2024
  • 237
Қамбаров Қ.Т.

ҚР МАМ Жастар және отбасы істері комитеті төрағасы

Қамбаров Қ.Т.
(Мұрағат)

ҚР МАМ Жастар және отбасы істері комитеті төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика