- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
Маңғыстау облыстық мәслихатының X сессиясы: депутаттар 2024 жылға арналған нақтыланған бюджетті бекітті
Бүгін, 5 сәуірде облыстық мәслихаттың кезекті X сессиясында депутаттар Маңғыстау облысының 2024 жылға арналған нақтыланған бюджетін бекітті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі Маңғыстау облысының 2024-2026 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер енгізу болды.
Маңғыстау облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес бюджетке енгізілген өзгерістер өңірдің әлеуметтік басымдықтарын іске асыруға бағытталған. Бюджет құрылымының негізгі үлесін немесе 60%-дан астамын әлеуметтік саланың шығыстары құрайды.
Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Марина Альбекова атап өткендей, жалпы бюджетті нақтылау бюджет қаражатын ішкі қайта бөлу және 2024 жылғы бюджеттің кіріс бөлігін асыра орындау есебінен жүргізіледі.
"Облыстың 2024 жылға арналған бюджеті нақтылауды ескере отырып, 554,3 млрд теңгені құрады, оның ішінде жергілікті бюджеттің кірістері 288,6 млрд теңге, республикалық бюджеттен берілетін трансферттер мен кредиттер 130,1 млрд теңге және субвенциялар 135,6 млрд теңге. Нақтылау арқылы білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және жастар салаларының қосымша шығындары жоспарланған. Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарға әлеуметтік төлемдерге, қоғамдық жұмыстарға, ағымдағы және күрделі жөндеулерге, сондай-ақ ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға арналған шығыстар ұлғайтылды. Сондай - ақ, жастарды жұмыспен қамту мақсатында жазғы каникул кезеңінде "Жасыл ел" бағдарламасы бойынша студенттер саны 1460-тан 2854 адамға дейін ұлғаяды", - деді Марина Альбекова.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласының шығыстары қоқыс контейнерлерін сатып алуға, аудандар мен қалалардың елді мекендерінде спорттық және ойын алаңдарын кезең-кезеңімен орнатуға, коммуналдық кәсіпорындардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттері мен шатырларын жөндеуге бағытталған.
Субсидиялауға арналған шығыстардың өсуі байқалады, онда әлеуметтік маңызы бар маршруттардың ұлғаюы есебінен халықтың автобустармен қамтамасыз етілуі 80% құрайды.
Бұдан басқа, "Маңғыстау жастары" өңірлік бағдарламасын жалғастыру мақсатында облыс жастарын тұрғын үймен қамтамасыз етуге қаражат бөлінді. Өткен жылдың қаражатын ескере отырып, биыл бюджет саласының 80 жас маманы тұрғын үймен қамтамасыз етілетін болады.
Қосымша қаражат кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған. Үкіметтің тапсырмасына сәйкес шағын орта бизнес кредиттерінің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау көлемі ұлғайтылды.
"Өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуының басты факторларының бірі инфрақұрылымды дамыту екені белгілі.
Даму бюджетінің шығыстары нақтылана отырып 41% өсті, бірінші кезекте республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізілген жобаларды аяқталатын немесе жалғасатын, жаңа 130 жобаны салуға және 59 жобаны ЖСҚ әзірлеуге қосымша қаржыландыру ескерілді. Оның ішінде өңірді ауыз сумен, жылумен, газбен және электр энергиясымен үздіксіз және сапалы жабдықтау мәселелерін шешу мақсатында басым жобаларға қаражат көзделген.
Бұдан басқа, халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын одан әрі жақсарту мақсатында "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасы шеңберінде ауыл ішіндегі жолдарды салу, автомобиль жолдарын орташа жөндеу және әлеуметтік сала жобаларын аяқтауға және жалғастыруға қаражат жоспарланған", - деп толықтырды Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Марина Альбекова.
Сессияда Нұрлан Ноғаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсартуға бағытталған түпкі мақсаттарға қол жеткізу үшін жергілікті бюджеттен қаражатты тиімді пайдалану қажеттігін айтты.
"Бюджетті тиімді пайдалану тек қаржылық стратегия емес, бұл халық алдындағы міндет. Уақыт пен ресурс - біздің ең құнды активіміз және біз оларды барынша тиімді пайдалануға міндеттіміз. Ақшаны игеру жеткіліксіз, бұл шығындар халықтың өміріне және жалпы қоғамның дамуына қалай әсер ететінін түсіну маңызды.
Бюджетті тиімді пайдалану экономикалық өсуге ықпал етіп қана қоймай, тұрақты әлеуметтік дамудың негізін құрайды. Шығындар туралы әрбір шешім мұқият ойластырылып, азаматтарымыздың стратегиялық мақсаттары мен қажеттіліктеріне негізделуі тиіс", - деді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.
- 05.04.2024
- 182