- Блогтар
- Бейсембаев Ғ.Б.
Бейсембаев Ғ.Б.
ҚР Оқу-ағарту министрi
2024 жылы 2,9 млн бала жазғы демалыс және сауықтыру түрлерімен қамтылады
Биыл жазғы демалыс кезінде 1-10 сынып аралығындағы 2,9 млн қазақстандық оқушыға сауықтыру, демалыс және еңбекпен қамтудың түрлі шаралары көзделген. Бағдарламада еңбек және шығармашылық жұмыстар, туризм, зияткерлік сабақтармен қатар, халықаралық шараларға қатысу қамтылған.
Балалардың жазғы демалысын қауіпсіз және жан-жақты ұйымдастыру үшін Министрлік 8 мемлекеттік органмен бірге 2024-2027 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарын бекітті. Жұмысты үйлестіру үшін республикалық ведомствоаралық штаб құрылды, өткен жылғы жазғы демалыс кампаниясының нәтижелері талданып, іс-қимыл алгоритмі әзірленді. Сондай-ақ мұғалімдерге, балаларға және олардың ата-аналарына арналған бағдарламалар, ережелер, күнтізбелік жоспарлар және нұсқаулар қамтылған әдістемелік ұсынымдар дайындалды. Балаларға арналған нысандарды қабылдау және лагерь қызметкерлеріне нұсқау жүргізу кестелері жасалды.
Айта кетейік, биыл төрт сауықтыру орталығының құрылысын аяқтау жоспарланған. Қазіргі таңда 210 балалар сауықтыру орталықтарының алдын-ала тізімі жасалып, денсаулық сақтау және ТЖ бойынша аумақтық қадағалаушы органдарға өтінімдер жолданды.
- 09.04.2024
- 175