- Блогтар
- Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
ҚР ҰЭМ Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті
Жиынға қатысушылар Қоғамдық кеңестің 2023 жылғы қызметінің қорытындылары мен ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспарын талқылады. Сондай-ақ жиында Инфляция деңгейін бақылау және төмендету жөніндегі 2023-2024 жылдарға арналған шаралар кешенін іске асыру барысы қаралды. Қоғамдық кеңестің төрағасы Алмас Чукин былтырғы жылы ҚК мүшелері министрліктің нормативтік құқықтық актілерінің 114 жобасын қарап, оның 100-і қабылданғандығын атап өтті. Биылғы жылдың 1 тоқсанында 17 жоба қаралған. Бұған қоса, ағымдағы жылдың соңына дейін ҰЭМ-нің 16 өзекті мәселесін қарастыру жоспарлануда. Өз кезегінде Макроэкономикалық талдау және болжау департаментінің директоры Вагиз Хисматулин Инфляция деңгейін бақылау және төмендету жөніндегі 2023-2024 жылдарға арналған шаралар кешенінде жедел және орта мерзімді сипаттағы 90 іс-шараны жүзеге асыру көзделгенін айтты. Оның айтуынша, ағымдағы жылдың ақпан айының қорытындысы бойынша жылдық инфляция 9,3% - ға дейін баяулаған.«Бір жыл ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,8% - ға өсті. Құжатты жүзеге асыру жалғасуда. Ағымдағы жылы инфляцияның нысаналы дәлізі 6-8% деңгейінде белгіленді», - деді В.Хисматулин.
- 10.04.2024
- 185