- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
Материалдық резерв броннан шықты: Атырау облысының эвакуацияланған тұрғындарына арналған көмек Маңғыстауға жетті
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою жөнінде шаралар қабылдау үшін мемлекеттік материалдық резервтің материалдары броннан шықты. 16 сәуірде Маңғыстауға төсек-орын жабдықтары мен азық-түлік жетті. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Резервтегі материалдар Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің "Резерв" РМК филиалдарында сақталған болатын.
"Біздің өңірге, индустриалды парк аумағына теміржол арқылы бүгін 14 вагонға тиелген кереует пен төсек-орын жабдықтары жеткізілді. Маңғыстауда су тасқыны қаупі жоқ екені белгілі, керісінше, біз Атырау облысынан эвакуацияланған азаматтарды қабылдап жатырмыз. Олардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік материалдық резервтің материалдары броннан шықты. Ол материалдар эвакопункттер орналасқан қалалар мен аудандардың өтінімдері негізінде бөлінеді", - деді Маңғыстау облысы Жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғау басқармасы басшысының орынбасары Кенжебек Бекмағамбетов.
Сонымен қатар, “Azersun” өндірісінің және логистика орталығының аумағына да гуманитарлық көмек, дәлірек айтсақ, 240 тоннадан астам азық-түлік тауарлары келді.
"Біздің өңірге 4 тонна макарон, 12 тоннадан астам қарақұмық жармасы, 180 тоннадан астам ұн және т.б. азық-түлік жетті. Айта кету керек, Маңғыстауда азық-түлік тауарларының тапшылығы байқалмайды. Осы қолданған шаралардың арқасында іске асырылған жұмыстың анық көрінісі ретінде мынаны айтсақ болады: Атырау-Ақтау жолы жабылған күндері тауарлар теміржол арқылы жеткізілді. Қазір біз азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу үшін баға мониторингін жүргізіп жатырмыз", - деді Маңғыстау облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының орынбасары Пікір Сансызбаев.
Броннан шыққан материалдаоды түсіруге 150-ден астам әскери қызметші көмектесті.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді. Жеткізілген көмекті түсіруге тек мемлекеттік қызметшілер мен әскери қызметкерлер ғана емес, спортшылар, сондай-ақ белсенді еріктілер де жұмылдырылған. Қазір біздің басты мақсатымыз - азық-түлік бағасының өсуіне жол бермеу. Жосықсыз кәсіпкерлерге қатысты шаралар қабылданады. Қиын жағдайды ешкім де жеке пайдасын ойламауы керек. Бұны бәрі түсінуі керек", - деді Нұрлан Ноғаев.
- 17.04.2024
- 156