- Блогтар
- Қалиғазин А. Е.
Қалиғазин А. Е.
«Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ Басқарма төрағасы
Қазақстандағы МЖӘ-нің ағымдағы жағдайы бойынша анықтама
- МЖӘ жобалары, концессиялық жобалар бойынша жиынтық ақпарат (бұдан әрі – жобалар)
2024 жылғы 12 сәуірдегі жағдай бойынша
жалпы құны 2 188 млрд теңгені құрайтын 1 082 концессиялық, МЖӘ шарттары (бұдан әрі – Шарттар) (оның ішінде 2 077 млрд теңге сомасына 759 іске асырылып жатқан жоба, 110 млрд теңге сомасына 323 мерзімі аяқталған жобалар (шарттардың мерзімі өткен) жасалған:
- 15 – құны 1 250 млрд теңгеден асатын республикалық жобалар;
- 1 067 – құны 937,7 млрд теңгеден асатын жергілікті жобалар.
Анықтама ретінде:
2005 ж. – 2 жоба (77,9 млрд теңге), 2007 ж. – 1 жоба (4,1 млрд теңге),
2016 ж. – 12 жоба (11,6 млрд теңге), 2017 ж. – 149 жоба (199 млрд теңге),
2018 ж. – 270 жоба (837,8 млрд теңге), 2019 ж. – 249 жоба (139 млрд теңге),
2020 ж. – 132 жоба (213 млрд теңге), 2021 ж. – 185 жоба (224 млрд теңге),
2022 ж. – 39 жоба (354 млрд теңге), 2023 ж. – 43 жоба (126,5 млрд теңге).
Жоспарлау мен дайындықтың әртүрлі кезеңдерінде құны 3 789 млрд теңгеден асатын барлығы 179 жоба бар, оның ішінде:
1) құны ~81,5 млрд теңгені құрайтын республикалық деңгейдегі 14 жоба, оның ішінде:
- жалпы құны 1 млрд теңгені құрайтын 3 жоба бойынша конкурс жарияланды;
- құны 80,5 млрд теңгені құрайтын конкурс өтпеген 1 жоба;
- жоспарлау сатысында 10 жоба.
2) жалпы құны ~3 708 млрд теңгені құрайтын өңірлік деңгейдегі 165 жоба, оның ішінде:
- жалпы құны ~ 3 448 млрд теңгені құрайтын 77 жоба бойынша конкурс жарияланды, оның ішінде жеке серіктестердің бастамасымен 38 жоба бойынша тікелей келіссөздер жүргізілуде;
- құны ~ 11 млрд теңгені құрайтын конкурс өтпеген 40 жоба;
- құны ~249 млрд теңгені құрайтын 48 жоба жоспарлау кезеңінде.
II. Іске асырылып жатқан жобалар туралы ақпарат
Пайдалану кезеңінде құны шамамен 1 277 млрд теңгені құрайтын 558 жоба бар, оның ішінде:
- құны шамамен 742 млрд теңгені құрайтын республикалық маңызы бар 11 жоба;
- құны 535 млрд теңгені құрайтын жергілікті маңызы бар 547 жоба.
Инвестициялық кезеңде құны 800 млрд теңгені құрайтын 201 жоба бар, оның ішінде:
- құны 508,4 млрд теңгені құрайтын республикалық маңызы бар 4 жоба;
- құны 291,6 млрд теңгені құрайтын жергілікті маңызы бар 197 жоба.
- Жасалған Шарттар бойынша салалық ақпарат
Сала |
Саны |
Жалпы құны |
|
бір. |
үлесі, % |
млрд теңге |
|
Білім |
617 |
57 |
190,89 |
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер |
195 |
18 |
410,6 |
Мәдениет және спорт |
75 |
7 |
109,7 |
Энергетика және ТҮКШ |
145 |
13,41 |
304,5 |
Көлік және инфрақұрылым |
25 |
3 |
840 |
Басқалар |
25 |
3 |
332,3 |
Сомасы |
1 082 |
100 |
2 188 |
Жасалған Шарттардың 89%-нан астамы сандық тұрғыдан 3 салаға тиесілі: білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету, энергетика және ТҮКШ.
Дегенмен, құндық мәнде шамамен 39%-ы көлік және инфрақұрылымға тиесілі.
Жобалардың деректер базасы «Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» АҚ сайтында орналасқан (https://kzppp.kz), база ай сайын жаңартылып отырады.
- 18.04.2024
- 156