• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстауда құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті

17 сәуірде Маңғыстауда өңір басшысы Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Әбдурасул Өтешов облыс аумағындағы құқық бұзушылық мониторингінің нәтижелері туралы баяндама жасады.

"Мониторингке сәйкес, үш айда, яғни, 2024 жылдың басынан бері  400 жол-көлік оқиғасы тіркелді, оның 366-сы елді мекендерде, 29-ы республикалық маңызы бар автомагистралдарда және 5-еуі жергілікті автожолдарда болған. Жол-көлік оқиғасының ең ауыр жағдайлары республикалық автожолдарда тіркелді, үш айда қаза тапқан 34 адамның 21-і (61,8%) осы жолдардағы апаттардың салдарынан ажал құшқан» - дейді жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Әбдурасул Өтешов.

Полицейлердің айтуынша, жүргізушілер арасында ең көп таралған заң бұзу фактісі – ол жылдамдықты асыру. Осыған байланысты жүргізушілер арасында жауапкершілік деңгейін арттыру үшін техникалық бақылау құралдары пайдаланылады. Мәселен, бүгінгі таңда Маңғыстау облысында "Кибер шериф" борттық аппараттық-бағдарламалық кешені 21 патрульдік автокөлікке орнатылған. Құрылғы қалалық жолдарды, сондай-ақ республикалық және жергілікті маңызы бар трассаларды тәулік бойы күзетеді.

Отырысқа қатысушылар жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтіп, есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымына да тоқталды.

Отырысты қорытындылай келе облыс әкімі Нұрлан Ноғаев мынаны атап өтті:

"Жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жасау үшін барлық органдар мен ведомстволардың, сондай-ақ депутаттық корпус пен қоғамдық штабтың күш-жігерін біріктіру қажет. Азаматтардың қауіпсіздігі мен заңдылықты сақтау саласындағы басым міндеттер үнемі назар аударуды және үйлескен әрекеттерді талап етеді. Жол инфрақұрылымын жақсарту, тиімді патрульдеу және қылмысқа қарсы алдын-алу шараларын жалғастыру біздің стратегиямыздың ажырамас бөлігі. Бірлескен күш-жігердің арқасында ғана біз азаматтарымыз үшін қолайлы және қауіпсіз орта құрып, облыстың тұрақты дамуын қамтамасыз ете аламыз", - деп қорытындылады Нұрлан Ноғаев.

  • 18.04.2024
  • 192
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика