• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қобда ауданында салынатын үйлердің жобалары таныстырылды

Облыс әкімі Асхат Шахаров су тасқыны болған Қобда ауданына барды. Өңір басшысы аудан орталығы – Қобда ауылында табиғи апаттан залал келтірілген жаңа тұрғын үйлердің жобаларымен танысып, құрылыс жүргізілетін аумақты қарап шықты.

Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ержан Мұздыбаевтың айтуынша, қазір Қобда ауылында тұрғын үй салатын 69 жер учаскесі дайын тұр.

«Қобда ауылында 121 үй суға кеткен. Бүгінде 16 мердігер мекеме өз қаражаты есебінен жаңа үйлерді салуға ниет білдіріп отыр. Мердігер мекемелердің саны алдағы уақытта көбейеді. Жалпы облыстағы аудандарда 172  үйге құрылыс жұмыстарын бастауға дайынбыз. Оның 69-ы — осы Қобда ауылында. Тұрғын үйлерге келсек, аудан әкімдігі берген хаттамалардың шешімі бойынша типтік жобамен 80 және 100 шаршы метрлік үй салынады. Бұдан бөлек, аудан тұрғындары тұрғын үйді сатып алу бойынша өз ниеттерін білдіріп жатыр», — дейді ол.

Оның айтуынша, мердігер мекемелер көп ұзамай, Ойыл ауданында —  40, Темір ауданында 10 үйдің құрылысын бастайды. Бұдан бөлек, Әйтеке би ауданында 3 мекеме жұмыстарын бастауға дайын отыр. Мұғалжар ауданындағы Жағабұлақ ауылында да жаңа тұрғын үйлер тұрғызылады. Әзірге барлық мердігер мекеме құрылыс жұмыстарын жүргізуге өз қаражаттарын жұмсап жатыр.

Қобда ауылында жаңа тұрғын үйлердің құрылысын жүргізетін мердігер ұйымдардың бірі — «Самұрық-Құрылыс» компаниясы. Компания директоры Тәңірберген Назымның айтуынша, қазір ауданға құрылыс материалдары жеткізілуде. Ендігі мақсат — белгіленген жер учаскелерінде тездетіп құрылыс жұмыстарын бастау.

«Әріптестермен бірге бізге де су тасқыны кезінде қиын жағдайға тап болған аудандарға қол ұшын беруге ниет білдірдік. Аз уақыттың ішінде қажетті құрылыс материалдарын сатып алып, бүгінде Қобда ауданына жеткізіп жатырмыз. Қолымызға сметалық-жобалық құжаттарды алған соң құрылыс жұмыстарына кірісеміз. Бір айдың ішінде бастапқы жұмыстарды аяқтауды жоспарлап отырмыз. Біздің компания 20 шақты үй салады, — дейді ол.

Мердігер ұйым өкілдерімен кездескен облыс әкімі Асхат Шахаров оларға құрылыс жұмыстарын уақытылы және сапалы жүргізуді тапсырды. Өз қаражаты есебінен жаңа үйлер тұрғызуға ниет білдірген компания басшыларына ризашылығын білдіріп, бұл бағытта жергілікті атқарушы органдар жан-жақты қолдау көрсететінін жеткізді.

«Президенттің тапсырмасы бойынша бүгінде меценаттар, мүмкіндігі бар азаматтар қосылып, су тасқыны болған өңірлерге қол ұшын созып жатыр. Біздің облысқа да осындай азаматтар бекітілді. Олар жобаларды қаржыландыруға, құрылыс жұмыстарын жүзеге асыруға атсалысады. Алдағы екі айда барлық құрылыс жұмыстары аяқталуы керек. Біз құрылыс материалдарының уақытында жеткізілуіне, сондай-ақ қолжетімді болуына жағдай жасаймыз. Ал сіздер тұрғын үйлерді сапалы әрі уақытылы тапсыруларыңыз керек. Баспанасы суға кеткен халыққа дер кезінде жағдай жасап, қолдау танытуымыз қажет», — деді Асхат Шахаров.

  • 22.04.2024
  • 188
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика