• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Өнімсіз делдалдар электрмен жабдықтау тізбегінен шығарылады

Мемлекет басшысының экономиканы демонополизациялау және жасанды түрде құрылған делдалдық тізбектерді жою жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде Үкімет энергиямен жабдықтау нарығында тәртіп орнатуға кірісті. Басты мақсат – тұтынушылар үшін электр энергиясының түпкілікті құнын негізсіз көтеретін делдалдарды алып тастау. 

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша биылғы 1 сәуірден бастап нарықта 2004 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан және бизнес пен бірқатар бюджеттік ұйымдар үшін тарифтердің мөлшерін дербес белгілей алатын реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың (бұдан әрі - ЭЖҰ) жұмысы тоқтатылды. Бұл ретте талдау көрсеткендей, мұндай компаниялардың табыстылығы 1 кВтсағ үшін шамамен 30-50% немесе 5-20 теңгені құраған. Реттелмейтін ЭЖҰ-дан түскен пайда энергетикалық жүйені жаңғыртуға пайдаланылмады. 

ҚР Парламенті Мәжілісінің бірінші оқылымында мақұлданған «Жылу энергетикасы туралы» жаңа заң аясында өнімсіз делдалдарды жою жұмыстары жалғасатын болады. Электрмен жабдықтау нарығындағы қазіргі проблемаларды шешу үшін ҚР Үкіметі бірінші кезеңде реттелмейтін ЭЖҰ қызметін шектеу туралы шешім қабылдады. Екінші кезеңде электрмен жабдықтау саласын өңірлік электр желілері компанияларына беру қарастырылады. Бұл электр энергиясының тарифіне жағымды әсер етеді, сонымен қатар келесідей оң әсерлерге әкеледі: 

- заңды тұлғалар үшін тарифтерді төмендету, тиісінше, бизнеске жүктемені азайту, бұл халық үшін түпкілікті өнім бағасының тең шарттары мен төмендеуін қамтамасыз етеді; 

- бюджет қаражатын үнемдеуге алып келетін және үнемделген қаражатты әлеуметтік маңызы бар жобаларға бағыттауға мүмкіндік беретін бюджеттік ұйымдар үшін тарифті төмендету; 

- соңғы тұтынушылар үшін тарифке ең аз әсер ете отырып, энергетика секторына инвестицияларды ұлғайту. 

Осындай жұмыстар өнімсіз делдалдар кесірінен бағаның негізсіз көтерілуі байқалатын өзге де салаларда жүргізілетін болады.

https://primeminister.kz/news/onimsiz-deldaldar-elektrmen-zhabdyktau-tizbeginen-shygarylady-28052 

  • 25.04.2024
  • 184
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика