• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
«Таза Қазақстан»: Маңғыстау облысының әкімі тұрғындармен бірге кітапхана аллеясына ағаш отырғызды


«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев пен Ақтау қаласының әкімі Ұлықбек Тналиев Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының жанындағы аллеяға ағаш отырғызып, қалалық сенбілікке қатысты, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бұл акцияны еріктілер, студенттер, этномәдени бірлестіктер, қоғамдық штаб мүшелері, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары да қолдады. Сенбілікке Қазақ-неміс тұрақты инженерия институтының (KINI) және Қазақстан-Неміс университетінің өкілдері де қатысты.

-Біз Ақтауға сутегі энергетикасы жөніндегі халықаралық конференцияға қатысу үшін келген едік. Біздің іс-шара «Таза Қазақстан» акциясымен тұспа-тұс келіп отыр екен. Бұл өте жақсы бастама. Өйткені егілген әрбір көшет әлемдегі экологиялық ахуалдың жақсаруына ықпал етеді, - деді Қазақстан-Германия университетінің президенті, профессор Волрад Роммель.

Іс-шара барысында 300-ден астам көшет егілген. Қ.Сыдиықов атындағы облыстық кітапхананың жанындағы саябақта, 19А-шағын ауданында 127 жапырақты және 67 қылқан жапырақты ағаш отырғызылды. Ал «Достық үйінде» 67 жапырақты және 47 қылқан жапырақты ағаш егілді.

-Елімізді абаттандырып, көгалдандыруды мақсат ететін «Таза Қазақстан» бастамасы жай ғана акция емес, бұл қоршаған ортаны сақтау деген сөз. Ағаш егіп, оларға күтім жасауға әрбір азамат үлесін қосу керек. Бірлесіп жасалған жұмыстар арқылы біз жасыл болашақты қалыптастыра аламыз. Адамдардың игілігі үшін жасалған заттарды сақтау да маңызды. Абаттандыру элементтерін бұзатын вандалдардың әрекеті ақтауға келмейді. Олармен бірлесіп күресу керек, - деді Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда Мемлекет басшысының қолдауымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы басталған болатын. Акция бірнеше аптаға бөлінген. Атап айтқанда, 6-13 сәуір аралығында – «Таза өлке» апталығы, 13-20 сәуірде – «Киелі мекен», 20-27 сәуірде – «Жасыл аймақ», 27 сәуірден 4 мамырға дейін – «Өнегелі ұрпақ», ал 4-11 мамырда - «Мөлдір бұлақ» апталығы өтеді.

  • 29.04.2024
  • 211
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика