• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Мектептегі тегін тамақ: Нұрлан Ноғаев білім беру нысандарында бақылауды күшейтуді тапсырды

Маңғыстаудағы балабақшалар мен мектептерді ыстық тамақпен қамтуға 9,8 млрд теңге бөлінген. Бұл туралы Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Марина Альбекова мәлімдеді. Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев білім беру нысандарын ыстық тамақпен қамту мәселесіне деген бақылауды күшейтуді тапсырды. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Марина Альбекова мәлім еткендей, 2023 жылы облыстағы жергілікті бюджеттің меншікті кірістері 184 миллиард теңгеден 241 миллиард теңгеге дейін өскен. 2024 жылы кіріс 220 миллиард теңгеден 264 миллиард теңгеге дейін артқан.

2023-2024 жылдарға арналған өңірлік даму бюджетінде әлеуметтік салаға бөлінген қаржының үлесі - 33%, сумен жабдықтау және су бұру бағытында – 25%, газ және жылумен жабдықтау бағытында – 16%, инженерлік желілерді дамытуға көзделген қаржының үлесі - 11%, көлік инфрақұрылымын дамытуда - 9% және басқа салаларда - 6% құрады.

– 2023 жылы мемлекеттік балабақшаларда 87 мыңнан астам бастауыш сынып оқушылары мен аз қамтылған отбасының балаларын, халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 3 659 баланы ыстық тамақпен қамтуға қосымша 1,9 млрд теңге қарастырылды. Сонымен қатар, 2024 жылдан бастап халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын жекеменшік мектептердің 2 мыңнан астам оқушысын ыстық тамақпен және оқу құралдарымен қамтамасыз ету үшін көрсетілген шығындарға қосымша 4,7 млрд теңге жоспарланды, - деді Марина Альбекова.

Жиын барысында облыс әкімі Нұрлан Ноғаев мектеп оқушыларын сапалы ыстық тамақпен қамту мәселесіне тоқталды.

– Мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін қаржы бөлініп отыр. Сондай-ақ, бізге мектеп асханалары дайындайтын тағамды балалардың жегісі келмейді деген ақпарат жиі түседі. Осыған байланысты барлық атқарушы органдарға, білім беру мекемелеріне, сондай-ақ тікелей мектептердің өздеріне ескертерім, балалардың сапалы және әртүрлі тамақтануын қамтамасыз ету мақсатында кешенді жұмыс жүруі тиіс. Мектеп оқушылары пайдалы тағаммен қамтылуы керек. Бұл ретте білім алушылардың өз мүдделері сияқты барлық талаптар да қатаң сақталуы керек», - деп түсіндірді Нұрлан Ноғаев.

Сонымен бірге, аппарат отырысында Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Серік Манзоров атқарылған жұмыстар мен департаменттің ағымдағы жылға арналған жоспарлары туралы баяндады.

– Өткен жылдың соңында Кіріс комитетінің құзырындағы кірістерден мемлекеттік бюджетке 623,8 млрд теңге түсіп, өткен жылмен салыстырғанда 86,4 млрд теңгеге өсті. Республикалық бюджеттің кірісі 37,6 млрд теңгеге өсіп, өсу қарқыны 111,2%, ал жергілікті бюджет кірісі 48,7 млрд теңгеге өсіп, 124,3% құрады, - деді Серік Манзоров.

Ал жергілікті бюджетке өткен жылдың соңында 249,9 млрд. теңге салық түскен. Спикердің айтуынша, бюджетке 17,3 миллиард теңгеден астам қаржы түсіп, жоспарланған жылдық жоспар 107,4 пайызға орындалған.

Айта кетейік, бүгінде облыста 76 950 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген, оның 17 232-сі заңды тұлға (16 881 белсенді), 59 329-ы жеке кәсіпкерлер (58 882 белсенді) және 389-ы нотариустар мен адвокаттар. Өткен жылмен салыстырғанда олардың саны 18 622-ге, 32%-ға артқан.

  • 02.05.2024
  • 240
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика