- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
Құрметті маңғыстаулықтар, қадірлі ағайын!
Сіздерді бейбітшілік пен тыныштық, ұлтаралық келісімнің алтын арқауына айналған Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке – әрбір қазақстандық үшін туған жерге деген сүйіспеншілік пен адалдық, азаматтық борыш пен жалпыұлттық келісімнің мерекесі.
«Бағалай білмегенге бақ қонбайды, қуана білмегенге құт қонбайды»,-деп заманымыздың заңғар жазушысы, жерлесіміз Әбіш Кекілбаев айтқандай, еліміздің бірлігі мен ынтымағы бәрінен де қымбат. Осыған дәлел, кеше ғана болған елдегі қиын ахуалды еңсеру жолында халқымыздың бірігіп әрекет жасағанына куә болып отырмыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, осындай сын сағатта бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару айрықша маңызды. Бір ел, бір халық болып жұмылып, ел басына түскен қиындықты еңсеру жолында ынтымағы жарасқан халқымыз жұдырықтай жұмылды.
Дініне, діліне, ұлтына қарамастан барлығы бір аспан астында бейбіт өмір сүріп, халқымызды ұлт ретінде сақтап қалған осы ынтымағымыз бен бір-бірімізге деген бауырмалдығымыз деп білемін.
Баршамызға ортақ шуақты мереке құтты болсын! Бірлігіміз жарасып, бейбіт өмірде бақытты ғұмыр кешіп, ырыс-несібе, құт-береке мол болсын!
Құрметпен,
Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев
- 02.05.2024
- 197