• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қысқа дайындық: Ақтауда 12,4 шақырым магистральдық жылу желілері реконструкцияланады

Ақтауда өңір басшысы Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен инженерлік желілерді жаңғырту мәселелері бойынша кеңес өтіп, кеңес барысында Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Әбдеш Түркменбаев, Ақтау қаласы әкімі Ұлықбек Тналиев, «МӨЭК» ЖШС директоры Қайрат Рахимов, сондай-ақ мердігер компаниялардың өкілдері баяндама жасады. Спикерлер 2024 жылы жылыту маусымы басталғанға дейін қалада 12,4 шақырым магистральдық жылу желілерін реконструкциялау жоспарланып отырғанын атап өтті. Су құбыры мен кәріздік сорғы станцияларын қайта құру жобасы аясында жалпы сомасы 8,9 млрд теңгені құрайтын 18 жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Әбдеш Түркменбаев Ақтау қаласын сумен жабдықтау, кәріз және жылумен қамту желілерінің жағдайы туралы баяндады.

Айтуынша, Ақтау қаласындағы су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 464 шақырым, тозу деңгейі 83% құрап отыр. Кәріз желілерінің жалпы ұзындығы 330 шақырым, тозу деңгейі 60% құрайды. Ақтау қаласы бойынша жылу желілерінің ұзындығы 565,6 шақырым, тозу дәрежесі 79%  құрайды.

Әбдеш Түрікменбаев мәлім еткендей, 2022 жылы қаланы бес аймаққа бөліп, Ақтау қаласының инженерлік желілерін реконструкциялау бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу туралы шешім қабылданды:

1 аймақ – 1-6 шағын аудандар;
2-аймақ – 7-8-9-14-15 шағын аудандары;
3-аймақ – 22-23-24 шағын аудандары;
4-аймақ – 11-12-13 шағын аудандары;
5-аймақ – 26-27-28-28а-29 шағын аудандары.

– Бірінші аймақта 2022 жылы 1, 2, 3, 3А, 3Б, 4, 5, 6 шағын аудандардың жылу желілеріне техникалық тексеру жүргізілді. 2-3 аймақтардағы 118,8 шақырым жылу желілеріне техникалық тексеру жүргізіліп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. 2024 жылы 4-5 аймақтарда 11, 12, 13, 26, 27, 28, 28а және 29 шағын аудандардағы жылу желілерін техникалық тексеру жоспарланып отыр, - деді Әбдеш Түркменбаев.

Жиында Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев желілерді жаңғырту жұмыстары ойдағыдай болуы үшін барлық уәкілетті органдардың бірлескен жұмысы ғана оң нәтиже беретінін айтып өтті. 

– Үздіксіз жылу беруді қамтамасыз ету үшін инженерлік желілерді жоспарлы түрде реконструкциялауға бет бұрып отырмыз. Бұл зор күшті талап ететін үлкен жоба. Солай бола тұра, тұрғындар мен мемлекеттік органдарды уақытша қолайсыздықтарға дайын болуға шақырамыз. Қазір қиын болғанымен, бұл жұмыстар қыс бойы жылудың тоқтамай, халықтың жайлы өмір сүруіне жағдай жасайтынын түсіну маңызды. Алдағы оншақты жылдардың қамын ойлағандықтан, біз сапалы коммуналдық қызмет көрсету үшін қазір соның негізін қалап жатырмыз. Жұмысты қатаң белгіленген мерзімде аяқтау қажет. Техникалық мәселелерді бірлесіп және уақытылы шешу арқылы желілерді қайта-қайта жөндеудің алдын аламыз, - деді Нұрлан Ноғаев.

  • 03.05.2024
  • 245
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика