• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстауда зәйтүн ағаштары қалай өсіріледі

Маңғыстауда агроөнеркәсіп кешеніндегі ірі инвестициялық жобалардың ішінде зәйтүн ағашын өсіру бойынша пилоттық жоба жүзеге асып жатыр. Құрық ауылында егілген екі мың зәйтүн ағашы тамыр жайып, жақын арада алғашқы жемісін беретіні белгілі болды. Бұл туралы аймақ басшысы Нұрлан Ноғаевпен кездесуде халықаралық зәйтүн кеңесінің президенті Георгий Сванидзе мен Грузияның Экономика және тұрақты даму вице-премьер-министрінің кеңесшісі Жақып Марабаев айтып өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Халықаралық зәйтүн кеңесінің президенті Георгий Сванидзе кездесуге қатысушыларды Грузиядағы зәйтүн өндіру және өңдеу өнеркәсібімен таныстырып, сондай-ақ Қазақстандағы бұл саланың кезең-кезеңімен даму үдерісі туралы айтты. Өңдеу зауытын іске қосу және қазақстандық зәйтүнді шетелге экспорттау үшін қажетті халықаралық сертификат алу жоспарда бар.

– Маңғыстауда зәйтүн плантациясы Құрық ауылында орналасқан: егілген екі мың зәйтүн ағашы тамыр жайды. Олардың тамыр жайғаны ағаштардың ауа райының қиын жағдайларына бейімделгендігін көрсетеді. Бірнеше аптаның ішінде облыстың әртүрлі аудандарына тағы бір жүк көлігі көшет жіберуді жоспарлап отырмыз. Жергілікті атқарушы органдардың белсенді қолдауының арқасында Қазақстанда зәйтүн мәдениетін дамытудың орасан зор әлеуетін көріп отырмыз. Бұл жаңа жұмыс орындарын ашып қана қоймай, экспорттық болашағы бар кәсіпкерлікті дамытудың қозғалтқышына айналады. Зәйтүн майы жай өнім емес, ол денсаулық пен ұзақ өмірдің қайнар көзі. Осы аймақтың ерекше жағдайларының арқасында қазақстандық зәйтүн майы әлемдегі ең үздіктердің біріне айналатынына сенімдіміз, - деді Халықаралық зәйтүн кеңесінің президенті Георгий Сванидзе.

Георгий Сванидзе Грузияның Қазақстанда зәйтүн өсірудегі білімі, тәжірибесі және инновациялары туралы айтуға дайын екенін атап өтті. Ол өз тарапынан Қазақстанға зәйтүн майынан түсетін әлемдік кірістің 90% және оның саудасының 74% бақылайтын ұйым – Халықаралық Зәйтүн Кеңесіне мүшелікке өтуге көмектеседі. 

Зәйтүн ағашын өсіру тек Қарақия өңірімен ғана шектелмейді. Сондай-ақ облыстың басқа аудандарына қосымша көшет егу жоспарланып отыр. Жиынға қатысушылар осы мақсатқа қолайлы жер телімін бөлу мәселесін талқылады.

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Мемлекет басшысының Қазақстанның аграрлық саласына, заманауи аграрлық ғылымды дамытуға және агроөнеркәсіп кешеніне инновацияларды белсенді енгізуге үлкен көңіл бөліп отырғанын атап өтті. Осыған байланысты үш жыл ішінде агроөнеркәсіп кешеніндегі қайта өңдеу өнімдерінің үлесін 70% жеткізу міндеті қойылды.

Тараптар өңірімізде жоспарланған жобаларды жүзеге асыру бойынша жұмыс барысын жалғастыруға келісті.

  • 03.05.2024
  • 237
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика