• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Нұрлан Ноғаев: Заңсыз құрылыс тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді

Ақтауда Маңғыстау облысы мәслихатының кезекті сессиясы өтті. Күн тәртібінде 2024 жылға арналған облыстық бюджетті нақтылау жобасы қаралды. Сессияны қорытындылаған өңір басшысы Нұрлан Ноғаев облыс орталығындағы заңсыз құрылыс мәселесіне назар аударды. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Марина Альбекова депутаттарға 2024 жылға арналған бюджетті нақтылау жобасын таныстыра отырып, бір күн бұрын Мемлекет басшысы қазіргі экономикалық жағдайдың бірқатар негізгі міндеттеріне назар аударғанын еске салды. Марина Альбекова сондай-ақ Үкімет квазимемлекеттік сектор субъектілерінің инвестициялық саясатын жүзеге асыру арқылы экономикалық өсу резервтерін анықтайтын шараларды белгілеп, сондай-ақ облигациялық қарыз беру арқылы тұрғын үй сатып алу туралы шешім қабылданғанын атап өтті. 

– Осы мақсатта «Самұрық-Қазына» қоры есебінен өңірлердегі халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтар баспаналы болады. Маңғыстау облысында 672 тұрғын үйді сатып алуға 10,9 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр. Пәтерлердің орташа ауданы 60 шаршы метр болуы керек. Бұл ретте рұқсат етілген ең жоғары аумақ – 80 шаршы метр», – дейді Марина Альбекова.

Сонымен қатар ол 2024 жылға арналған бюджет бекітілген кезде халықтың әлеуметтік осал тобынан шыққан азаматтарға 154 пәтер сатып алуға республикалық бюджеттен 2,1 млрд теңге бөлінгенін атап өтті. Басқарма басшысы хабарлағандай, қазір конкурстық рәсімдер өтіп жатыр. 

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өз сөзінде сала басшыларын осы бөлініп отырған бюджетті игеруге назар аудартып, бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

– Қазір қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі – баспана мәселесі. Тұрғын үймен қамту дегеніміз - бұл тек үй салу немесе құрылыс жүргізу емес: бұл жайлы және қауіпсіз өмір сүру ортасын құру деген сөз. Нысандардың құрылысы заңға сәйкес болуы маңызды. Біз қазір заңсыз құрылыспен күресіп жатырмыз. Бұған бірнеше себеп бойынша жол берілмейді: біріншіден, бұл заң бұзушылық; екіншіден, бұл айналаға қауіп төндіреді, өйткені рұқсат болмаса құрылыс нормалары бұзылады, халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін; үшіншіден, бұл инженерлік желілерге қосымша жүктеме түсіріп, олардың тұрақсыз жұмыс істеуіне әкеп соқтыруы мүмкін, - деді Нұрлан Ноғаев.

  • 03.05.2024
  • 237
Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика