- Блогтар
- Көшербаев Е.Б.
Көшербаев Е.Б.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі
ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!!!
Өскеменнің сол жағалау кешенінде орналасқан этноауылда Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі аталып өтті. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, қала тұрғындары көптеп жиналды. Олар ел аумағында тұратын этностардың дәстүрлерімен, ұлттық тағамдарымен, тұрмысымен және ерекшеліктерімен жоғары қызығушылықпен танысты. Этноауыл-бүкіл Қазақстан үшін бірегей орын, ешбір қалада мұндай ашық аспан астындағы мұражай жоқ. Шығыс Қазақстанның этномәдени ұйымдарының өкілдерімен Қазақстан халықтары Ассамблеясының XXXIII сессиясында ел Президентінің баяндамасын талқыладық. Жалпы, дәстүрлі құндылықтар, оларды сақтау, тұрақтылық пен өзара достықты нығайту қазақстандықтар үшін өте маңызды.
- 04.05.2024
- 207