- Блогтар
- Қарағойшин Т.Ж.
Қарағойшин Т.Ж.
ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы
Көлемді блоктар
Көлемді блоктар – бұл зауыттарда жасалған үлкен темірбетон қораптар. Олар тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарды салу үшін қолданылады.
Дайын көлемді блоктар құрылыс алаңына жеткізіледі және сол жерде орнатылады.
Көлемді блоктар жасау туралы ой ХХ ғасырдың басында туындады.
70-ші жылдары КСРО-да көлемді блоктар шығаратын 25-ке жуық зауыт салынды.
Швейцарияда, Францияда, АҚШ-та, Швецияда, Румынияда, Германияда ағаш пен металды қолдана отырып, көлемді блоктардың құрылысы дамыды.
Қазіргі уақытта ЕурАзЭО-да көлемді блоктарды дайындау және көлемді-блоктық ғимараттар салу бойынша 7 кәсіпорын жұмыс істейді, оның ішінде Нұр-Сұлтанда.
2020 жылы ҚазҚСҒЗИ мамандары Қазақстан үшін бірегей Modex зауытының көлемді блоктарын сынақтан өткізді.
Болашақта көлемді блоктарды пайдалану Қазақстанның құрылыс саласын түбегейлі өзгертеді: көлемді блоктарды пайдалана отырып, 16 қабатты тұрғын үй салу үшін бар болғаны 4 ай қажет болады.
- 09.02.2021
- 429