• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстауда 100 мың тонна астыққа арналған терминал ашылады

Маңғыстау облысында 2018 жылдан бері тоқтап тұрған Бейнеу астық терминалын қалпына келтіру жұмыстары басталды. Кәсіпорынның жаңа иесі - «Евразия Транс Логистик» ЖШС. Маңғыстау облысының әкімдігі «Халық» қорынан қаржы алып, «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен бірлесе отырып, БАТ жұмысын қалпына келтіру және одан әрі жұмыс істеуге бағытталған іс-шараларды үйлестіруді қамтамасыз етеді. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Терминалдың жобалық қуаттылығына тоқталсақ, нысанға бір мезетте 100 мың тонна астық сыяды, сондай-ақ тәулігіне 400 тонна ұн шығара алады. Сонымен қатар, терминал жылына 25 мың тонна кебек өндіруге мүмкіндік береді. Терминалдың жүк айналымы жылына 2 миллион тоннаны құрауы мүмкін.

Осылайша, осы нысанды іске қосу арқылы үй жануарларын жеткілікті мөлшерде жеммен қамтамасыз етуге мүмкіндік туады.

- Қыс кезінде кебек пен жемге деген қажеттілік жыл сайын 25-28 мың тоннаға дейін артады. Бейнеу астық терминалының іске қосылуы Маңғыстау облысындағы бұл сұранысты толық қанағаттандырады. Қазіргі таңда кебек Қостанай облысы, Орал және Ресейден тасымалданып отыр. Ресейде олардың өндірісі арзан болғанымен, тасымалдау өнімнің өзіндік құнын арттырады. Жергілікті өндіріс көлік тасымалын есептегенде, шығынды  15-20% дейін азайтады. Осылайша, біз басқа өңірлерден келетін өнімнен бас тарта аламыз, - деді Маңғыстау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қазбек Тәшімов.

Ал, «Маңғыстау өнеркәсіптік палатасы» ЗТБ төрайымы Меруерт Құлымбаева Бейнеу астық терминалы 200-ге жуық жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретінін мәлімдеді. 

- Құрама жем өндірісі Маңғыстау облысының барлық елді мекендері сияқты Бейнеу өңірінің мал шаруашылығына қолдау болмақ. Яғни, енді жем Маңғыстау және Атырау облыстарының тұрғындары үшін қолжетімді болады. Бейнеу астық терминалының жұмысы жоғары сұрыптағы, сондай-ақ бірінші және екінші сұрыптағы бидай ұнын шығаруға мүмкіндік береді, - деді Меруерт Құлымбаева. 

«Евразия Транс Логистик» ЖШС директоры Жаңбырбай Доспаев Бейнеу астық терминалындағы қайта жанданса, өнімдерді Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан сияқты шет елдерге экспорттау жоспарланып отырғанын айтты.

- ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин осыған дейін Ауғанстан Премьер-министрінің орынбасары Абдул Ғани Барадармен кездесуде Ауғанстанға қазақстандық астық пен ұн жеткізу көлемін ұлғайту үшін Бейнеу терминалының мүмкіндігін қарастыруды ұсынған болатын. Қазақстан Ауғанстан нарығына осы тауарларды жеткізіп отырған және жеткізетін сенімді серіктес екенін айтып өтті. Терминалда барлық қажетті өндірістік инфрақұрылым бар. Ол өнімді әрі қарай экспортқа тасымалдау үшін құрлықтағы тиеу қоймасы терминалының функцияларын орындай алады. Осыған байланысты Маңғыстау өнімдерін Ауғанстанға экспорттау біздің өңірге ғана емес, жалпы Қазақстанға да мультипликативті экономикалық тиімділік береді, - деді Жаңбырбай Доспаев.

Еске салайық, Бейнеу астық терминалы (БАТ) 2010 жылы пайдалануға берілген. 16 гектар аумақта астық өңдеу және жем өндіру бойынша автоматтандырылған цехтар мен элеватор жұмыс істеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы аясында терминалды қалпына келтірудің маңыздылығын атап өткен болатын.

  • 06.05.2024
  • 273
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика