• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтөбе облысында сұрапыл соғыс көрген жалғыз ардагер қалды

Хромтау қаласында тұратын Василий Грецкий жуырда ғана жүз жасқа толды. Украина, Беларусь, Румыния, Польша, Чехословакия, Германия, майдандарында болған. Ерлігі үшін «Қызыл Жұлдыз», екінші дәрежелі «Отан соғысы» ордендерінің иегері.

Беларусь жерінде дүниеге келген қарияның өмірі қиындыққа толы болған. «Әлемдік социализмді құрамыз»,- деп қара халықтың тігерге тұяғын қалдырмай тонаған сталиндік солақай саясаттың зардабын көрді. «Кулак» деп күйе жаққан отбасы Қазақстанға жер аударылғанда ол он жасқа енді толған.

🔸 Бала күнінен еңбекке ерте араласып, тек 12 жасқа жеткенде әріп таниды. 1942 жылы кәмелетке толған бетте соғысқа аттанған. Алматыда жасақталған кавалериялық корпус құрамында туған жері – Белорусьті басқыншылардан азат етуге қатысыпты. Оқ пен оттың ортасында жүріп Еуропаны түгел адымдап өткен ардагер жеңіс күнін Берлиннің түбінде қарсы алды. Сұрапыл соғыс көрген қария ол күндерді еске алмауға тырысады. Тіпті жас кезінен естелік суреттерді де сақтамаған.

Василий Грецкий, Екінші дүниежүзілік соғысының ардагері:

- Соғыс деген қасірет қайталанбасын. Бейбіт күнде, ашық аспан астында бүгінгідей өмір сүргенге ештеңе жетпейді. Бүгінгі ұрпаққа бақыт пен береке-бірлік тілеймін. Әр үйге бақ қонсын.



Әскер қатарынан тек 1946 жылы босатылған. Қазақ жеріне оралып, теміржолшы атанады. Бұл салада 34 жыл еңбек еткен. Ұдайы дене шынықтыра жүріп, зиянды әдеттерден алшақ болған қария әлі де ширақ.

🔹 Жұбайымен бірге 3 бала, 6 немере, 10 шөбере тәрбиелеп өсірген ардагерді аудан тұрғындары ерекше құрметтейді. Үйінен бүгінде қонақ арылмайды. Ғасыр жасаған ақсақал болса, өскелең ұрпаққа ақ батасын беруге әрдайым әзір.

  • 10.05.2024
  • 228
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика