- Блогтар
- Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.
Ақтөбе облысының әкімі
Ақтөбе облысында біржолғы әлеуметтік төлемдердің барлығы төленді
Ақтөбе өңірінде Президент пәрменімен су тасқынынан зардап шеккендерді қолдау шаралары жалғасуда. 4 сәуірден бастап өмірлік қиын жағдайға тап болған ақтөбеліктерге қаржылық көмек көрсету мақсатында біржолғы әлеуметтік төлем төлеу жұмыстары жүргізілді.
Бүгінгі күні облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен оған қарасты аудандық бөлімдер келіп түскен өтінімдердің барлығын жан-жақты қарап, тиісті қаржыны өтініш иелеріне аударды. Облыстағы 2904 отбасыға 939 млн 223 мың теңге берілді.
Мемлекеттік орган мұнымен жұмысты тоқтатпақ емес. Егер қаржылай көмек туралы өтініш түсетін болса, толықтай тексерістен соң, оны төлейді.
- 13.05.2024
- 146