• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстаудағы заңсыз құрылыспен күрес: алты құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды

Өткен жылы Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаменті құрылыс нысандарына жоспардан тыс 55 тексеру жүргізген. Департамент қызметкерлері көптеген заң бұзушылықтарды анықтады. Бұл туралы аппарат отырысында белгілі болды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Заңнама және құрылыс нормаларын өрескел бұзу фактілеріне байланысты Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы сотқа 35 талап-арыз беріп, оның 33-і қанағаттандырылды, қалғандары қаралып жатыр. Жалпы, өткен жылдан бері қалада сот ісін жүргізу нәтижесінде бес ғимарат бұзылған. Қалған нысандар сот шешімімен демонтаждауға кезекте тұр.

– 2023 жылы заңсыз құрылыстармен күресу шаралары қолға алынды. 6 құрылыс компаниясының құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге лицензиясы қайтарылды, тағы 5 мекеме құрылыс-монтаж жұмысына арналған лицензиясынан өз еркімен бас тартқан. Сондай-ақ 1 аккредиттелген техникалық қадағалаушы мекеменің аккредитациясының күші жойылып, 2 техникалық қадағалаушы сарапшы аттестаты 6 айға тоқтатылды. 4 коммерциялық нысанды бұзу туралы сот шешімі шығып, сонымен қатар, 4 жұмыс жобасы бойынша жеке оң сараптамалар жойылды. Жалпы сомасы 124 958 500 теңгені құрайтын 384 әкімшілік хаттама толтырылды, - деді Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Дәурен Өтепқали. 

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев заңсыз салынған ғимараттар қаланың сәулеттік келбетін бұзып қана қоймай, тұрғындарға қауіп төндіретінін, өйткені олар көбінесе құрылыс нормалары мен ережелерін бұза отырып бой көтеретінін айтып өтті.

Қажетті құжаттамасыз, осы мақсаттарға бөлінбеген жер учаскесінде немесе қала құрылысы және құрылыс нормалары мен ережелерін бұза отырып салынған объектілер заңсыз құрылыстар деп танылуы мүмкін.

– Тиісті бөлімдердің бірлескен жұмысы жалпы қала ішін рұқсатсыз құрылыстардан босатуға, сол арқылы қаланың сәулеттік келбетін сақтауға ықпал етіп жатыр. Заңсыз құрылыстармен күресу арқылы қаладағы бос аумақтарды одан әрі абаттандырып, жаңа қоғамдық кеңістіктер құруға мүмкіндік туады. Бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыру қажет, - деді Нұрлан Ноғаев.

  • 13.05.2024
  • 251
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика