• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Асхат Шахаров: Әлеуметтік нысандардың құрылысына бақылау қатаң

Ақтөбе облысында «Жайлы мектеп» және «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобалары аясында 18 мектеп пен 24 медициналық мекеме салынады. Ұлттық жобалардың іске асырылу барысы облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен жиында қаралды. 

 Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ержан Муздыбаев биыл «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 14 жаңа білім ордасын пайдалануға беру жоспарланып отырғанын айтты. Тағы төртеуі - келесі жылы. Ал «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 8 ауданда медициналық, фельдшерлік-акушерлік пункттер, ауылдық дәрігерлік амбулаториялар ашылады. Биыл барлығы 21 жаңа медициналық мекемені халық игілігіне беру жоспарлануда, олардың басым бөлігі ауылдарда орналасқан. Сонымен қатар, 2025 жылы Мұғалжар, Хромтау және Шалқар аудандарындағы үш аудандық аурухана қайта жаңартылады және қосымша бөлімшелер ашу арқылы көпсалалы ауданаралық аурухана ретінде тұрғындарға көмек көрсетеді.
 

«18 мектептің құрылысына республикалық бюджеттен 90 миллиард теңгеден астам қаржы қарастырылған. Жаңа мектептердің ашылуы 15 мыңға жуық оқушы орны ашылады. Ақтөбеде 13 мектеп, Темір ауданында - екі, Мәртөк, Мұғалжар және Шалқар аудандарында бір-бір мектептен тапсырылады»,


- деп нақтылады Ержан Мұздыбаев. 
 
🔹 Айта кету керек, жыл соңына дейін тапсырылатын үш жаңа мектеп 2000 оқушыға шақталған. Олар Алтын Орда және Есет батыр шағын аудандарында салынуда.
 
📌 Баяндаманы тыңдағаннан кейін облыс әкімі басқарма басшыларына, сондай-ақ қала мен аудандардың әкімдеріне өңірдегі ұлттық жобаларды сәтті және уақытылы іске асыруда жауапкершілік маңызды екенін еске салды. 
 

«Президент бастамасымен қолға алынған ұлттық жобалар бүкіл елдің болашағы үшін үлкен әлеуметтік маңызға ие. Мемлекет балаларымыздың жайлы жағдайда оқуы үшін, халықтың ауылдық жерлерде сапалы медициналық қызметтерге қол жеткізуі үшін үлкен қаражат бөліп жатыр. Біздің міндетіміз - осы жобаларды іске асыру. Нысандардың құрылысына тұрақты бақылау жүргізіп отыру керектігін талап етемін.  Әрбір ұсақ-түйекті ескеру қажет. Орындалған жұмыстардың сапасы үшін де сұраныс қатаң болады»,


- деді өңір басшысы.

  • 14.05.2024
  • 243
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика