• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстауда Азия және Океания елдерінің халықаралық чемпионатына 25 елден спортшылар келді

Ақтауда спорттық және жауынгерлік самбодан кадеттер, жасөспірімдер, жастар және шеберлер арасында Азия және Океания чемпионаты басталды. Мұндай жарыс Ақтауда алғаш рет өтіп отыр. 13 мамырда чемпионаттың ашылу салтанатына Нұрлан Ноғаев, сондай-ақ Халықаралық самбо федерациясының президенті Аламжон Муллаев қатысты. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Маңғыстауға 25 елден 500-ге жуық спортшы келіп, бақ сынайды. Бес күн бойы спортшылар 62 салмақ дәрежесі бойынша жарысады. Чемпионаттың алғашқы күні балуандар 20 салмақ дәрежесі бойынша боз кілемде белдесті.

- Мұндай жарыстар неғұрлым көп болса, соғұрлым жақсы. Тәжірибе көптік етпейді — әрбір жаңа жарыс алдыңғы жарыстағы тәжірибені ой елегінен өткізуге итермелейді. Ақтаулықтар мен облыс басшылығына чемпионатты жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғыс айтамын. Әрбір спортшыға сәттілік тілеймін, - деді Халықаралық самбо федерациясының президенті Аламжон Муллаев.

Сонымен қатар, ашылу салтанатында Қазақстан спорт және жауынгерлік самбо федерациясының президенті Айдос Ақжанов құттықтау сөз сөйледі. 

- Чемпионатта ел намысын 100-ден астам спортшы қорғайды. Жақсы оқу-жаттығу жиынын өткіздік, спортшылар өз формасының шыңында. Қанжығамызға жүлделі орындарды байлаймыз деп ойлаймын, - деді Айдос Ақжанов. 

Аймақ басшасы Нұрлан Ноғаев спортшылар мен жаттықтырушыларға сәттілік тіледі.

– 2023 жылы Ташкентте өткен самбо күресінен Азия одағының конгрессінде осы шараны өткізу үшін 37 мемлекеттің арасынан Қазақстанның Маңғыстау облысы таңдалды. Бұл жарыстың әсем шаhар Ақтау қаласында өтуі - Қазақстандағы спорттық қозғалыстың дамуына септігін тигізіп қана қоймай, туризм саласының дамуына да өз ықпалын тигізетіні сөзсіз. Өлкемізде Қазақстан Республикасының 45 чемпионы мен 5 Әлем чемпионы бар. Бұл - тұрақты еңбектің, ерік-жігердің нәтижесі және еліміздің имиджі. Мемлекет спорт саласына жан-жақты қолдау көрсетіп отырғанын атап өткім келеді, - деді Нұрлан Ноғаев.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге алғыс хат пен медальдар табысталады.

Чемпионат «Халық Арена» спорт кешенінде өтіп, 17 мамырда аяқталады.

  • 14.05.2024
  • 242
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика