• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстанда 2030 жылға дейінгі жаңа бюджет саясаты тұжырымдамасының жобасы құрылады

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 26 қаңтарда өткен кеңейтілген Үкімет отырысында берген тапсырмаларын орындау жөніндегі шаралар қаралды. Экономикалық белсенділікті қалпына келтіру, инвестициялар тарту және қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру жөніндегі тапсырмалардың орындалуы туралы Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев баяндады.

Бүгінгі таңда 7 негізгі бағыт айқындалған. Бұл – экономикалық белсенділікті қолдау, жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, жүйелік және салалық саясатты қайта реттеу, тұрғын үйге қолжетімділікті арттыру, денсаулық сақтау және білім беру жүйесін дамыту.

Барлығы 68 тапсырма берілді. Осы тапсырмаларды іске асыру шеңберінде 3 заңнамалық акті қабылданатын болады. Бұл – Дербес деректер және оларды қорғау туралы, бәсекелестік мәселелері жөніндегі заңдар, сондай-ақ Жер кодексіне енгізілетін өзгерістер.

Сонымен қатар 3 ұлттық жобаны бекіту көзделуде, олар – агроөнеркәсіп кешенін дамыту, су ресурстарын басқару және «2021-2025 жылдарға арналған Жасыл Қазақстан» жобалары.

5 кешенді жоспар әзірленеді. Бұл – шекаралардағы заңсыз сауда айналымына қарсы іс-қимыл, оффтейк-келісімшарттар мен реттелетін сатып алулар арқылы өндірістерді құру және кеңейту, Екібастұз қаласын 2025 жылға дейін дамыту, азаматтарға вакцинация жүргізу және мектепке дейінгі білім беруді дамыту шаралары.

Ұлттық экономика министрлігі Мемлекет басшысының әрбір тапсырмасын іс жүзінде орындау бойынша нақты шаралар әзірледі.

Бірінші. Осы жылғы мамырдың соңына дейін салық-бюджет саясатын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізіледі.

Ұсыныстарды әзірлеу үшін «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы және салық заңнамасын жетілдіру жөніндегі сарапшылар қауымдастығының қатысуымен жұмыс тобы құрылады. Нәтижесінде бәсекеге қабілетті шикізаттық емес секторға негізделген экономиканың жаңа құрылымын қалыптастыруды ынталандыру үшін салықтық шаралар топтамасы дайындалатын болады.

Мемлекеттік қаржы теңгерімділігін қамтамасыз ету, олардың орнықтылығын, сондай-ақ қабылданатын бюджеттік шешімдердің тиімділігін арттыру бойынша шараларды көздейтін 2030 жылға дейінгі жаңа бюджет саясаты тұжырымдамасының жобасы қалыптастырылатын болады.

Екінші. Шағын және орта бизнесті қолдау жөнінде шараларды әзірлеу үшін «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен сарапшылар қауымдастығының қатысуымен жұмыс тобы құрылады.

Бір ай ішінде әзірленген шоғырландырылған ұсыныстар экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның қарауына енгізілетін болады.

Үшінші. Мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттыру мақсатында мемлекеттік қолдау алған бизнес субъектілерінің әрқайсысы бойынша мониторингтің бірыңғай қағидалары әзірленетін болады.

Сондай-ақ субъектілердің көп өлшемді және серпінді мониторинг жүйесі қалыптастырылады. Бұл мемлекеттік қолдау шараларының экономикалық және әлеуметтік қайтарымын бағалауға мүмкіндік береді.

Төртінші. Осы жылы өңірлік саясат саласында Қызылорда облысының экономикасын әртараптандыру бойынша шаралар қабылданатын болады.

Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары өзектендіріледі. Жоспарға өңір экономикасының жаңа құрылымын қалыптастыру жөніндегі шаралар енгізіледі.

  • 09.02.2021
  • 268
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика