• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Бейнеу ауданында сайлау комиссияларының мүшелеріне семинар өтті

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының «Қазақстан Республикасындағы сайлау процесіне қатысушыларды  оқытуды ұйымдастыру жөніндегі 2024 жылға арналған  шаралар кешені туралы»  қаулысын жүзеге асыру мақсатында, ағымдағы жылдың 14-16 мамыр  аралығында ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы Маңғыстау облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасындағы сайлау процесін ұйымдастырудың теориялық және практикалық негіздері» тақырыбында семинар өткізілді.     

Оқу процесіне Бейнеу ауданының аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері қатысты. Семинарда барлығы 100 комиссия мүшесі қамтылды.

Семинардың бірінші күні Бейнеу ауданындағы Боранқұл ауылында өтті. Аталған ауылға  қарасты үш учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері толық қатысты. Іс шара барысында Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Е.Абилов, облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Ж.Айтуаров және комиссия мүшесі С.Сейдалиев семинарға қатысушыларға сайлау процестері барысы бойынша заңнамаларды түсіндіріп, әртүрлі ситуациялық сұрақтарды талқылады.

Семинардың екі күні Бейнеу ауданы орталығы - Бейнеу ауылында жалғасты.  

Сайлау заңнамасы бойынша жан-жақты білім алған семинарға қатысушылар оқу процесін ұйымдастыру туралы оң пікір білдірді. Іс-шара соңында тестілеу әдісімен білім алушылардың алған білімдерін бағалау жүргізіліп, сертификаттар табысталды.

Сондай-ақ, Боранқұл ауылы әкімінің алдағы сайлауға дайындығын бақылау мақсатында облыстық сайлау комиссиясының мүшелері сайлау учаскелеріне барып, комиссия мүшелеріне практикалық ұсыныстар берді.

  • 24.05.2024
  • 174
Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика