• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Нұрдәулет Қилыбай: Маңғыстаулық бағбандар өсірген алма жергілікті дүкендерде сатылуы тиіс

Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен өткен аппараттық жиында қалалар мен елді мекендерді санитарлық тазарту және абаттандыру шараларының барысы, сондай-ақ өсімдік шаруашылығы мен бау-бақша саласындағы кәсіпкерлерді қолдау мәселелері қаралды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, 16 наурыздан бастау алған сенбілікке 26 467 адам қатысып, 286 жүк тиеуші және тасымалдаушы техника жұмылдырылған. Нәтижесінде 556 тонна қалдық жиналды.

Сондай-ақ, 110-нан астам мекеме мен студенттер 52-ден астам тарихи-мәдени ескерткіштер орналасқан аймақтарды абаттандыру жұмыстарын ұйымдастырды.

Нұрдәулет Қилыбай экологиялық қауіпсіздікті сақтаудың және құрылыс саласындағы кәсіпкерлердің шаруашылық қызметінен зиян келтіру жағдайларын азайтудың маңызын атап өтті.

• Осы жердің тұрғыны болғандықтан, біздің алдымызда тұрған проблемадан айналып өту дұрыс емес. Қоқыс үйіндісін көргенде, сіз жай ғана өтіп кете бересіз бе? Оған жүрегіңіз ауырмай ма? Сіз көргіңіз келетін нәрсені көресіз және көргіңіз келмейтін нәрсені мүлдем елемейсіз. Алысқа барудың қажеті жоқ, қалаға жақын маңда рұқсат етілмеген полигондар көп. Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы жетекшілік ететін мемлекеттік органдармен бірлесіп, құрылыс компанияларымен олардың қызметіндегі қалдықтарды заңды түрде кәдеге жарату, қоқысты мамандандырылған полигондарға шығару мәселесін пысықтасын, - деп тапсырды Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай.

Сондай-ақ жиын барысында өсімдік шаруашылығы мен бау-бақша саласындағы шаруа қожалықтарына қолдау көрсету мәселесі көтерілді. Өңір басшысы Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік басқармаларына аудан әкімдіктерімен бірлесіп, кәсіпкерлерді субсидиялау түрінде қолдау көрсету жолдарын қарастыруды және көмек көрсетуді тапсырды.

- Жақында біздің шаруалардың бау-бақшасындағы алма ағаштары жемісін береді. Бірақ оларды ешкім сатып алмайды. Өйткені бағасы қолжетімсіз. Табиғи түрде өскен, нитраты жоқ алма керексіз болып, жерде шашылып жатады. Сондықтан, кәсіпкерлерге субсидия беріліп, Маңғыстауда өскен алмалар дүкен сөрелерінде тұруы керек. Сондай-ақ оның бағасы нарыққа сырттан келетін жемістердің бағасынан төмен болуы тиіс, - деді Нұрдәулет Қилыбай.

Аппарат кеңесінің қорытындысы бойынша Маңғыстау облысының әкімі жасыл желектер мен елді мекендерді абаттандыру жұмыстарын жалғастыру жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.

  • 28.05.2024
  • 160
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика