- Блогтар
- Алимбаева Д.К.
Алимбаева Д.К.
«Қазгидромет» РМК бас директоры
Өскеменде РМ-2,5 және РМ-10 концентрацияларын көрсететін 5 қосымша датчиктер орнатылды
«Қазгидромет» РМК АҚШ мемлекеттік департаментінің (U.S. Embassy in Kazakhstan/ Қазақстандағы АҚШ Елшілігі) жобасы аясында РМ-1, РМ-2,5 және РМ-10 қалқымалы бөлшектер датчиктері Өскемен қаласында «Қазгидромет» РМК сынамаларды қолмен іріктеудің бес бекетіне орнатылғанын (датчиктер Павел Александровпен құрастырылған) хабарлайды. Осылайша, Өскемен қаласында РМ-2,5 және РМ-10 шоғырлануын онлайн режимде көрсететін станциялар саны 2-ден 7 бірлікке дейін артты.
Бұл мөлшердегі бөлшектер шаңның көп бөлігін құрайды және өкпеге терең енеді, аллергиямен ауыратындар мен жоғарғы тыныс алу жолдарының аурулары бар адамдар үшін қауіпті.
«Қазгидромет» РМК желіні дамыту бойынша жұмысты жалғастыруда, ағымдағы жылы Өскемен қаласында РМ-2,5 және РМ-10 қоса алғанда, ауадағы барлық негізгі ластаушы заттарды анықтауға мүмкіндік беретін қосымша 3 станция орнату жоспарлануда. Сондай-ақ экологиялық ақпараттың жеделдігін арттыру үшін сынамаларды қолмен іріктеудің 5 бекетін автоматтандыру жоспарлануда.
- 10.02.2021
- 211