- Блогтар
- Шойкин Ғ.Н.
Шойкин Ғ.Н.
ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы
Қазақстан халқы Ассамблеясының С.Сейфуллиннің 130 жылдығына арналған «Тарихтан тағылым - өткенге тағзым» дәстүрлі халықаралық жобасы аясында өтіп жатқан Форумның жұмысы жалғасты
Қарағанды қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының С.Сейфуллиннің 130 жылдығына арналған «Тарихтан тағылым - өткенге тағзым» дәстүрлі халықаралық жобасы аясында өтіп жатқан Форумның жұмысы жалғасты.
Қатысушылар Долинка ауылындағы Карлаг музейімен танысып, Қарағанды қаласындағы Достық үйінде «Тарихи сана – мызғымас бірлік – кемел келешек» тақырыбында панельдік отырысқа қатысты.
Отандық және Ресей, Литва, Германия, Өзбекстан, Қырғызстаннан келген ғалымдар мен сарапшылар, этномәдени бірлестіктердің, азаматтық қоғам институттарының өкілдері және т.б. сөз сөйледі.
Басқосуда қатысушылар қоғамды біріктіретін жобаларды ұйымдастыру және оларға жастарды тарту, әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді оқытуда тәжірибе алмасу, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті одан әрі нығайту үшін жаңа жұмыс түрлерін іздеу және ынталандыру туралы мәселелерді қозғады.
- 31.05.2024
- 168