- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
Маңғыстау облысының әкімі Сенат және Мәжіліс депутаттарымен кездесті
1 маусым күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Сүйіндік Алдашев, Бекбол Орынбасаров пен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Еділ Жаңбыршин және Самат Мұсабаевтарды арнайы қабылдады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Мемлекет басшысының өңір тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы, Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайын одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
Өңірге жұмыс сапарымен келген депутаттар "Жайлы мектеп” ұлттық жобасы аясында салынып жатқан білім беру нысандарының құрылысымен де танысады.
- 03.06.2024
- 96