- Блогтар
- Е.Н. Дәуенов
Е.Н. Дәуенов
ҚР ОМ Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы
Педагогтерді жұмысқа қабылдау ҰБДҚ (НОБД) базасы арқылы жүргізілу керек
Құрметті ұстаздар және мектеп директорлары!
Оқу-ағарту министрлігінің мектептерге мұғалімдерді жұмысқа қабылдау процесін автоматтандырғаны бұған дейін хабарланған.
1 сәуірден бастап ҰБДҚ базасында «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына сәйкес «Мұғалімдерді жұмысқа қабылдау» модулі іске қосылды.
Модуль конкурстық процедураны толығымен автоматтандырады, бос жұмыс орындарын іздеу және өтінім беру процесін айтарлықтай жеңілдетеді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады.
Мектептер бос орындар туралы ақпаратты осы модульге орналастыруы тиіс. Барлық өңірлерге модульді пайдалану бойынша оқытулар өткізіліп, модульге қолжетімділік берілді.
Кез келген қызығушылық танытқан мұғалім бос лауазымдық орындарды көріп, өз кандидатурасын ұсыну үшін модульге тіркеле алады.
Модуль келесі сілтеме бойынша қолжетімді: https://hr-nobd.edu.kz
- 07.06.2024
- 138