• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Саткалиев А.М.
Саткалиев А.М.

ҚР Энергетика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жезқазған қаласында АЭС салу мәселесі бойынша жария талқылаулар өтті

2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қазақстанда атом электр станцияларын салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум өткізуге бастамашы болғанын хабарлаймыз.

Қазақстанда АЭС салу мәселесін талқылау мақсатында бүгін Жезқазған қаласында қаланың «Ұлытау жастары» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен жария талқылаулар өтті.

Барлық ниет білдірушілерді қатысуға шақыра отырып, тиісті хабарландыруды Ұлытау облысының әкімдігі ресми сайтта орналастырды.

Жария талқылауларға өңір тұрғындары, жергілікті Қоғамдық кеңестің, ардагерлер кеңесінің мүшелері, облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттары, ҚР Энергетика министрлігінің, «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС, «Ядролық физика институты» РМК, «Үлбі металлургия зауыты» АҚ, Қазақстан халқы Ассамблеясының, шағын, орта және ірі бизнестің, жастар және үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ өкілдері, жергілікті белсенділер, экологтар, энергетиктер және т.б. қатысты.

Спикерлер ретінде ҚР Энергетика министрлігі, «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС, «Ядролық физика институты» РМК, «Үлбі металлургия зауыты» АҚ сөз сөйледі.

Спикерлер өз сөзінде қазіргі таңда Қазақстанның энергетика секторындағы басым бағыттардың бірі атом энергетикасын дамыту болып табылатынын атап өтті. Электр энергиясын тұтынудың өсуін ескере отырып, Қазақстан елдің қажеттілігін тұрақты қамтамасыз ету мақсатында жаңа базалық қуаттарды іске қосуды қажет етеді. Энергетика секторында қолданылатын технологияларды дамытудың ағымдағы деңгейі жағдайында АЭС шығатын қуаттарды ауыстырудың ең перспективалы шешімі болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстанның атом энергетикасын дамыту үшін барлық артықшылықтары бар. Елде шикізат пен өндірістік базаның болуы атом энергетикасын дамытудың барлық алғышарттарын жасайды.

Аталған іс-шарада жергілікті тұрғындар экология, экономикалық факторлар, инфрақұрылымды дамыту, АЭС-тің шағын және орта бизнесті дамытуға әсері, реактордың қауіпсіздігі, кадрлар даярлау бойынша белсенді сұрақтар қойды.

  • 11.06.2024
  • 145
Саткалиев А.М.

ҚР Энергетика министрі

Саткалиев А.М.
(Мұрағат)

ҚР Энергетика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика