• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Нұрдәулет Қилыбай: “Су тапшылығын жою үшін биылға жоспарланған жобаларды жеделдету қажет”

11 маусым күні аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбайдың қатысуымен өткен аппарат отырысында өңір тұрғындарын ауыз сумен қамту мәселесі талқыланды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Әбдеш Түрікменбаевтың баяндауынша, биыл Ақтау қаласы мен өңірлердегі ауыз су тапшылығын азайтатын бірқатар жобаларды аяқтау жоспарланып отыр.

Мәселен, маусым айының соңына дейін «МАЭК» ЖШС аумағында тәулігіне 6000 текше метр су тұшытатын қондырғылары іске қосылса,  «СК-А-Строй» ЖШС өзінің су тұшыту зауытының қуатын 5000-нан 10000 текше метрге дейін кеңейтуді жоспарлап отыр. 

Ақтау қаласында жеке инвестор есебінен салынған қуаттылығы тәулігіне 4000 текше метрді құрайтын су тұшыту қондырғысы да тамыз айында пайдалануға беріледі.  

Сондай-ақ алдағы тамызда айында «Каспий су тұшыту зауытының қуаттылығын тәулігіне 20 000-нан 40 000 текше метрге дейін ұлғайту» жобасы аяқталады. Сәйкесінше, тамыздан бастап Ақтау қаласына тәулігіне қосымша 6000 текше метр ауыз су берілмек. Қалған су көлемі Мұнайлы және Қарақия аудандарына, жылы жағажай нысандары мен өндірістік аймақтарға жіберіледі. 

Сонымен қатар, Мұнайлы ауданы тұрғындарының жазғы маусымдағы ауыз су тапшылығын шешу үшін Баянды ауылындағы су тұщыту қондырғысы арқылы тәулігіне қосымша 3000 текше метр ауыз су беру жоспарлануда. 

Ал 20 маусымға дейін жеке инвестордың салып жатқан су тұшыту қондырғысы арқылы Ақшұқыр және Сайын Шапағатов ауылдарын қажетті мөлшерде тіршілік нәрімен қамтамасыз ету көзделіп отыр.

Форт-Шевченко қаласы мен оның маңындағы елді мекен тұрғындары үшін салынып жатқан қуаттылығы тәулігіне 5000 текше метр су тұщыту қондырғысының құрылысы шілде айының соңында аяқталады. Құрылыс жұмыстары 80% орындалды. 

– Қаражанбас кен орнында су тұшыту зауыты іске қосылды. Сыйымдылығы – 17 мың текше метр. Нәтижесінде “Астрахань-Маңғышлақ” су құбырынан артылатын 15 мың текше метр суды облыстың елді мекендеріне жіберу жоспарлануда. Осының есебінен Жаңаөзен қаласын, Бейнеу ауданындағы Бейнеу ауылын, Қарақия ауданындағы Жетібай, Мұнайшы, Маңғыстау ауданындағы Тұщықұдық ауылдарын сумен қамтуды жоспарлап отырмыз. Түпқараған, Мұнайлы аудандарындағы су тапшылығын бюджет қаражатына салынған және жеке инвесторлардың жобалары арқылы жабамыз деген ойдамыз. Қазір облыстағы су тапшылығы шамамен 40 мың текше метр болса, тамыз айына дейін 5-7 мыңға дейін қысқарту жоспарлануда. Ақтау қаласы мен өңірлердегі елді мекендерді сумен қамту мәселесі 2025 жылы толығымен шешіледі, - деп атап өтті Әбдеш Түрікменбаев.

Жиынды қорытындылаған Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай жазғы уақытта ауыз су тапшылығын болдырмау мақсатында биылға жоспарланған жобаларды жүзеге асыруды жеделдетуді тапсырды.

  • 12.06.2024
  • 213
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика