• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстау облысының әкімі күзге дейін республикалық маңызы бар автожолдарды ұялы байланыспен қамтамасыз етуді тапсырды

11 маусым күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен өткен аппараттық жиында өңір тұрғындарын сапалы және қолжетімді байланыспен қамтамасыз ету туралы мәселе қозғалды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. 

Облыстағы 59 елді мекенінің 55-і кең жолақты интернетпен қамтамасыз етілген. 2024 жылы көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту үшін байланыс операторлары жаңғырту жұмыстарын жүргізіп, 126 жаңа базалық станцияларды салуды жоспарлап отыр.

Цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Айдын Хадиевтің мәлімдеуінше, елімізде 2024 – 2027 жылдар аралығында «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы іске асырылады. Бұл ұлттық жоба ауылдық жерлерді талшықты-оптикалық байланыс жүйелерімен қамтамасыз ету және республикалық маңызы бар автожолдарды мобильді интернетпен қамту сынды бірнеше бағыттан тұрады.

Облыс бойынша Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау аудандарына қарасты 6 елді-мекенге талшықтық-оптикалық байланыс жүйлерін орнату ісі ұлттық жобаға енгізілді. 

Сондай-ақ, ұлттық жоба аясында республикалық маңызы бар автожолдардың бойында әртүрлі биіктіктегі 13 антенналық-мачтаны салу жоспарлануда.

Аппараттық отырысты қорытындылаған аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай қыркүйек айына дейін республикалық маңызы бар автожолдарды ұялы байланыспен қамтамасыз етуге тапсырма берді.

-  Қазіргі маңызды мәселе - автожолдарды ұялы байланыспен қамтамасыз ету. Қарақия ойпатының маңындағы жолға күзге дейін мобильді интернет қосу керек. Байланыс операторлары облыстық филиалдарымен, «жергілікті операторлармен» бірлесе отырып, бұл жұмыстарды жылдам әрі сапалы жүзеге асыруы тиіс, деді Нұрдәулет Қилыбай.

Облыс әкімі сондай-ақ Маңғыстау ауданының әкіміне “Ақтау-Бейнеу” жолындағы Ман-Ата асуын да ұялы байланыспен қамтуды тездетуді тапсырды. 

Айта кету керек, Ман-Ата асуында талшықтық-оптикамен және электрмен жабдықтау желілерін төсеу жұмыстары былтыр аяқталғанымен, 2023 жылдың желтоқсан айында қатты дауылдан электр бағаналары құлаған еді. Аймақ басшысы жарты жылдан бері қозғалыссыз тұрған жобаны аудан әкімі мен мердігер компанияға жылдамдатып қалпына келтіруді тапсырды.

  • 12.06.2024
  • 230
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика