• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстау облысының әкімі NCOC компаниясының басқарушы директорына ауылдарды дамытуға қатысты ұсыныс жасады

12 маусым күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай NCOC компаниясының басқарушы директоры Джанкарло Руйумен кездесті. Кездесу барысында тараптар әріптестікті одан әрі нығайту, ірі мұнай жобалары операторының өңірдегі әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру барысын талқылады. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Маңғыстау облысының әкімі ел Президентінің экономикаға инвестицияны көбірек тартуға және өңірлерде қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыруға баса көңіл бөліп отырғанын атап өтті. Нұрдәулет Қилыбай NCOC компаниясының басшылығына өңір тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған бірқатар ұсыныстарын жолдады. Яғни, сапалы қызмет көрсетіп, жоғары сапалы тауар өндірушілері ретінде өзін дәлелдеген және болашақта сенімді серіктес бола алатын жергілікті компаниялардың қызметіне жүгінуді сұрады. 

– Қазіргі күн тәртібінде тұрған басты мәселе - жаңа жұмыс көзін ашатын жобаларды жүзеге асыру. Сіздерге шалғайдағы ауылдарды қолдауға қатысты ұсынысым бар. Біздің өңірде ата-бабамыздан қалған түйе малы бар. Сол түйенің сүтінен құрғақ сүт өндіретін өндіріс орындарын салып берсеңіздер. Қытайлық кәсіпкерлер өнімді алуға дайын. Ал, түйе бағып отырған ауылдарда шағын цех іске қосылатын болса, жұмыс көзі ашылып, жастар туған ауылында қалып, ауылдардың дамуына серпін берер еді.
Біз өз тарапымыздан жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз, – деді Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай. 

Кездесуге қатысушылар өңірге қажетті мамандарды даярлау және оларды оқытуға қолдау көрсету мәселелерін де талқылады.

  • 12.06.2024
  • 194
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика